Ақбербаев Иса Бақытжанұлы (11 мамыр 1983, Қостанай, КСРО) — қазақстандық кәсіпқой боксшы, бірінші ауыр салмақта өнер көрсетеді. Бокспен 1998 жылдан бастап шұғылданады.
Иса Ақбербаев | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Толық есімі | Иса Бақытжанұлы Ақбербаев |
Лақап аты | Bumblebee |
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Туған жері | |
Тұрғылықты жері | АҚШ, Лос-Анджелес |
Салмағы | бірінші ауыр салмақ |
Тұрысы | оңқай |
Бойы | 190 см |
Қолдың қарқыны | 190 см |
Команда | GGG promotions |
Кәсіби карьерасы | |
Алғашқы айқасы | |
Соңғы айқасы | |
Чемпион белдігі | GBC, IBO intercontinental |
Айқастар саны | 17 |
Жеңгендер саны | 16 |
Нокаутпен жеңгені | 11 |
Жеңілгендер саны | 0 |
Тең түскендері | 0 |
Болмағандары | 1 |
Кәсіпқой мансабы
Иса кәсіпқой рингте 2009 жылы бірінші ауыр салмақта дебют жасады. Ол жетінші айқасында WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Ақбербаев 2013 жылы қаңтарда АҚШ-та жергілікті боксшы Энтони Феррантемен қолғап түйістірді. Ферранте Исаны 10-шы раундта нокаутқа түсірді, десе де кейіннен айқастың нәтижесі өз күшін жойды. Бұл жағдайға американдықтың допинг-тесттен өтпей қалуы себеп болды. Осылайша бұл айқас өтпеген деп жарияланды. 2015 жылдың ақпанында Иса Ақбербаев 1-ші раундта аргентиналық Рубен Анхель Миноны (25-1) нокаутқа түсірді. 2015 жылы маусымда Берлинде ол Global Boxing Council тұжырымы бойынша атағын сәтті қорғады. Бұл жолы ол 37 жасар бразилиялық Жулио Сезар Дос Сантосты жеңді. Қазылардың есебі: 117-110, 117-110, 116-111 болды. .
Дереккөздер
- Иса Ақбербаев алғаш рет жеңілді. Sports.kz. Тексерілді, 2 наурыз 2015.
- Ақбербаевтың қарсыласы допинг-тесттен сүрінді, айқас өтпеген болып есептелінеді. AllBoxing.ru. Тексерілді, 2 наурыз 2015.
- Иса Ақбербаев Рубен Анхель Миноны бірінші раундта сұлатып түсірді. reporter.com.ua. Тексерілді, 2 наурыз 2015.
- Иса Ақбербаев Жулио Дос Сантосты бірыңғай шешіммен жеңді. allboxing.ru. Тексерілді, 12 маусым 2015.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер