<<Исатай - Махамбет>> - жыр. Авторы - Ығыпман Шөреков. 1925 жылы дастанның 1-бөлімі жарық көрген. Онда 1836-38 жылы Кіші жүз елінде хан-сұлтандар мен би-болыстарға қарсы Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі суреттелген. Поэма Исатайды таныстырудан басталады, арғы- бергі ата-бабаларын тізеді, жаз жайлау, қыс қыс- тау қоныстарын атайды, батырдың кара басын сипаттайды. Ақын көтерілістің барлық оқиғаларын шетінен жіпке тізбей, шешуші кезеңдерін іріктеп алған. Жырда Махамбетке аз орын берілген, ол үш-ақ жерде көрінеді, ал Исатай образы нағыз халық көсемі тұлғасыңда, әділ, адал, ержүрек батыр, халық қамын ойлаған азамат ретінде сомдапған. Әуезов «Әдебиет тарихы» деп аталатын зерттеу еңбегінде « Исатай - Махамбет» поэмасына зор баға берген: «өмірде анық болған оқиға көмескісіз, күңгіртсіз, айнаға түскендей, ашық түскен» деп, ел өмірі мен тірлігінің реалистікпен шынайы көрініс тапқанына сүйсіне ниет білдірген. Ұлы жазушы одан әрі: «Ақын жыры - тарихта ізі қалған жыр, анық оқиғаның дәл өзінен туған шындық, тазалыкпен айтылады» деп, жырдың нағыз тарихи туынды екенін айғақтаған.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |