Исатай Нұрышұлы Исабаев (1936 жылы 18 ақпанда Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы) — суретші. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Өмірбаяны
Мәскеу полиграфия институтының баспа өнімдерін көркем безендіру факультетін бітірген (1965), суретші-график. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 100-ден астам кітаптарға сурет салған, 1 000-нан астам танымал станок графикалық мен сурет жұмыстарының («Қазақ өмірінің тіршілігі», «Қонақ», «Көкпар», «Шеберлер», «Жекпе-жек», «Қырғын», «Абай», «Мұхтар Әуезов» және басқалардың) авторы. Көркем өнерлік әдісі - сурет, графика. Жұмыстары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Ресей Орталық көрме залында (Мәскеу), Сан-Франциско көрме кешенінде (АҚШ) көрсетілген, ҚР Президентінің резиденциясы безендірілген. Жұмыстары Қазақстанның, Ресейдің, Польшаның, Австрияның, АҚШ, Венгрияның, Италияның жеке коллекцияларында сақталуда. 30 отандық және 10-нан астам халықаралық көрмелерге қатысқан.
1965 жылдан бері - суретші. КСРО, ҚР Суретшілер одағының (1966 жылдан) мүшесі. «Бехзад» дипломының (Ашхабад қ., 1991) иегері. «Тарлан» сыйлығының иегері (2005). ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988).
Отбасы
Әкесі - Исабаев Нұрбаба, марқұм. Анасы - Омышева Сақыпжамал, марқұм.
Үйленген. Жұбайы - Исабаева Бақытжамал Саймұқанқызы (1938 жылы туған), зейнеткер. Қыздары - Әлия (1961 жылы туған), Ғалия (1964 жылы туған).
Шетелдік көрмелер
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |