Ислам өркениеті - ислам дінінің құндылықтары негізінде қалыптасқан әлемдік өркениеттердің бірі. Ислам өркениетінің алғашқы нышандары VII ғасырдың басында Хиджаз арабтарының арасында қалыптаса бастады. Оның басты себептеріне көшпелі және қалалық мәдениеттердің жаңа рухани негізде біріге бастауы, ежелгі тайпалық діндердің тоқырауы және жалпыарабтық этникалық сананың пайда болуы жатады. Мұхаммед пайғамбар мен одан кейінгі төрт халифа Әбу Бәкір, Омар, Осман, билігі дәуірі (622-661) және Омейя әулеті (661-750), Аббас әулеті биліктері дәуірінде (750-1258) солтүстікте Еділ өзенінен оңтүстікте Мадагаскарға және шығыста Қытайдан, батыста Францияның оңтүстігіне дейінгі кең аумақта таралған және олармен көршілес аймақтарға да әсерін тигізген ис¬лам діні ықпалымен адамзат өркениетінің өзіндік ерекшелігі бар бір түрі қалыптасты. Ислам өркениетінде араб тілі мен араб жазуы алдыңғы орынға шығып, негізгі ғылым тілі мен мәдениет құралы қызметін атқарды. Орта ғасырлардағы ислам ғалымдары медицина, астрономия, химия, физика, математика, мәдениет, мантиқ (логика), әдеп, философия салаларында көптеген ғылыми жаңалықтар ашып, айтарлықтай табыстарға жетті. Олар ежелгі Грекия, Рим, Ежелгі Шығыс өркениеттері жетістіктерін дамыта отырып, жаңа дәуірдегі батыс мәдениетінің қалыптасуына негіз қалады. Аса көрнекті түркі ғалымдары , , Сүлеймен Бақырғани, т.б. ғұламалар өз еңбектері арқылы Ислам өркениетіне үлкен үлес қосты.
Дереккөздер
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер