Италиктер (лат. Қtalіcі) – ежелгі Италияның үндіеуропалық тайпалар тобы; олар итали тілдерінде сөйлеген. Италиктер фалис-латин және умброоск-скосабелль деген екі тармаққа бөлінеді. Италиктер әлеуметтік экономика және мәдени дамудың түрлі сатыларында болды: б.з.б. 6 ғасырда, негізінен, ертедегі таптық мемлекеттер сатысында болған латиндер жеделірек дамыды. 19 ғасырда ғылымда Италиктер Апеннин түбегіне б.з.б. 2-мыңжылдықта сыртынан келген деген пікір туындады. Кейбір ғалымдар Италиктер б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяғы мен 1-мыңжылдықтың басында (умброоск-косабелльдердің түпкі аталары) Орталық Еуропадан екі толқын болып келді деп есептейді. Ал қазіргі Италия тарихнамасында үнді-еуропа тайпалардың б.з.б. 2-мыңжылдықтың басынан бастап Балқан түбегінен Адриатика арқылы қоныс аударып, Апеннин түбегі батысынан шығысқа, Солтүстік пен оңтүстікке қарай тарағаны туралы пікір басым. Сондай-ақ, Апеннин түбегін мекендеген және б.з.б. 5 – 3 ғасырларда Рим империясы бағындырған барлық тайпалар да Италиктер деп аталады.
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IV том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер