Иірсу темір кен орны - Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы кен орны.
Геологиялық құрылымы
Кен Мыңшұңқыр антиклиналының орталық бөлігінде төменгі таскөмір кезеңінің әктас пен доломиттерінде шоғырланған.
Жатыс сипаты
Кен алаңында қабат, линза және діңгек пішінді 12 кен денесі анықталған. Олардың ұзындығы 170-1700 м, қалыңдығы 6-40 м, тереңдігі 270-700 м-ге дейін.
Минералдары, құрамы
Негізгі кен минералдары: магнетит, пирит, халькопирит, пирротин, кобальтин, сфалерит, галенит. Кентастағы темірдің мөлшері 30 – 60%, мыстікі 0,32 – 0,93%. Барланған темір кентасының жалпы қоры 327,1 млн. т, мыстікі 260,9 мың т. Кен орны толық барланбаған.
Дереккөздер
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |