Кавказ түрікмендері – Ресей Федерациясы Ставрополь өлкесінің солтүстік-шығысындағы бірнеше елді мекенде тұратын түркі тілдес халық. Олар өздерін түрікмен ұлтының этнографиялық тобына жатқызады. Алайда түркітанушы ғалымдар оларды түрікмендерден бөлектеп Трухмендер деп атайды. Жалпы саны 33 мың адам (2002). Антропологиялық жағынан Трухмендер моңғол нәсіліне қатысы бар еуропалық нәсілге жатады. Ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Трухмендердің ата-бабалары мекендеген түрікменнің чоудар, иғдыр, союнаджи аталатын тайпаларынан шыққан. Хиуа хандығының жасаған шапқыншылығынан зардап шеккен олар басқа түрікмен тайпаларынан бөлініп, 18 ғасырдың басында солтүстік Кавказдағы , өзенінің бойына көшіп барып орныққан. Жергілікті халықтар оларды трухмен деп атап кеткен. Трухмендер көп салалы шаруашылықпен айналысады. Қой, сиыр, жылқы өсірумен қатар егіншілікпен де шұғылданады. Қолөнерінің түр-түрі дамыған. Трухмендер тілін түркітанушылар түрікмен тілінің диалектісіне жатқызады. Алайда лексикасы мен грамматикалық құрылымынан ноғай тілінің әсері басымырақ байқалады. Соған қарап қазіргі трухмен тілін түрікмен тілі мен ноғай тілінің ортасындағы аралық тілге жатқызуға болады. Материалдық және рухани мәдениеті жағынан да Трухмендер ноғайлар мен түрікмендерге ұқсас.
Сілтеме
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер