Көмір қышқылы - Н2С03 әлсіз, екі негізді, тұрақсыз қышқыл. Ол тек ерітіндіде ғана болады. Әлсіз электролит, диссоциациялану дәрежесі 0,17%.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHdMekJpTDBOaGNtSnZibUYwWlMwelJDMWlZV3hzY3k1d2JtY3ZNakF3Y0hndFEyRnlZbTl1WVhSbExUTkVMV0poYkd4ekxuQnVadz09LnBuZw==.png)
Алынуы:
- көмірқышқыл газын суда ерітіп
- тұзынан күшті қышқылмен әсер етіп:
Екі негізді болғандықтан сатылы диссоциацияланады:
- Н2С03↔ Н+ + НС03
- НС03- ↔ Н+ + С032-
Көмір қышқылы екі түрлі тұз түзеді, олар гидрокарбонаттар (NaHC03, Са(НС03)2) және карбонаттар деп аталады (СаС03, MgC03)
Химиялық қасиеттері:
Көмір қышқылы индикаторлар түсін өзгертеді, қышқылдарға тән химиялық реакцияларға түседі, екі негізді қышқыл ретінде сілтілермен орта және қышқыл тұз түзіледі:
- Н2С03 + NaOH = NaHC03 + Н20
- Н2С03 + 2NaOH = Na2C03 + 2Н20
Карбонаттардың суда еритін тұздары екі сатыда гидролизденеді:
- : Na2C03 ↔ 2Na+ + С032-
- НОН ↔ Н+ + ОН-
- ----------------------------------
- CO32- + НОН ↔ НС03 + ОН-
- Na2C03 + НОН ↔ NaHC03 + NaOH
- NaHC03 ↔ Na+ + НС03-
- НОН ↔ Н+ + ОН-
- HC03 + НОН ↔ Н2С03+ ОН-
- ----------------------------------------
- NaHC03 + НОН → NaOH + Н20 + С02↑
Бұл тұз гидролизденгенде орта негіздік болады: С(ОН ) > C(H+).
Карбонат ионына сапалық реакция:
Na2C03+ Са(ОН)2 = СаС03↓ + 2NaOH Суда еритін карбонаттар әк сүтімен әрекеттесіп, ақ түсті тұнба береді.
Са2+ + С032- = СаС03↓
Қолданылуы:
- NaHC03 ас содасы - тамақ, шыны өндірісінде
- К2СО3 сақар - сабын алуда
- СаС03, MgC03 - құрылыс материалдары
Таралуы
Жер қыртысының шамамен 1,7%-ын (массасы бойынша) құрайды. Ең көп таралған және жынысқұрушы минералдар қатарына жататындар — кальцит (СаС03) және доломит (СаС03.МgС03).
Бұлар әктастар және доломиттер деп аталатын шөгінді карбонатты тау жынысытарды құрайды. Аталған тау жынысытардан гөрі сирегірек ұшырасатын карбонатты тау жынысы өкілдері:
- анкерит — (Са,Ғе,Мg)СО3,
- сидерит — ҒеС03,
- магнезит — МgС03,
- родохрозит — МnС03. Карбонатты тау жынысытардың өзге түрлері мүлдем сирек ұшырасады.
Дереккөздер
- Химия: Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2009. - 288 бет.
- Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
- “Қазақ Энциклопедиясы”
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Сыртқы сілтемелер
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |