Каспий албырты (ағылш. 'Salmo trutta caspіus') – албырттар тұқымдасының бір түр тармағы.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHlMekpsTDFOaGJHMXZYM1J5ZFhSMFlTNXFjR2N2TWpJd2NIZ3RVMkZzYlc5ZmRISjFkSFJoTG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Негізінен Каспий теңізінің оңтүстік-батыс аймағын мекендейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Кавказ жотасынан ағатын өзендерге өрлейді. 20 ғ-дың басында аз да болса Еділ мен Жайық зендеріне өрлейтін.
Албырттардың ішіндегі ең ірісінің ұзындығы 100 см, жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы 2 – 7 кг. (S. trutta labrax) ұқсас, айырмашылығы – құйрық сабағы жіңішке келеді.
Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде мекендейтіндерінің тіршілігі аз зерттелген. Әдетте, бұл өткінші (өрістегіш) балық. Алғашқы жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, сонда 3 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (45 мыңға дейін) өзеннің түбіндегі малтатасты жерлерге, қазан – қаңтар айларында (судың температурасы 3 – 13°С-қа жеткенде) шашады, ұрығы 26 – 90 тәулік аралығында жетіледі. Теңізге шықпай, тек өзенде тіршілік ететін аталықтары да болады. Каспий албырты 10 жылдай тіршілік етеді. Басқа албырттар сияқты Каспий албыртының көлемінің өсуі, салмағының артуы теңіздегі тіршілік жағдайына байланысты.
Шабақтары жәндіктердің дернәсілдерімен, бүйірімен жүзушілермен қоректенсе, ересектері – балықтармен (килька, атерина, майшабақ), мизидалармен, креветкалармен) қоректенеді. Каспий албыртының саны қай кезде де көп болған емес. Каспийдің оңттүстік-батыс бөлігінен басқа жерде сирек кездеседі. Оның жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Дереккөздер
- “Қазақ Энциклопедиясы”
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер