Кеден режимі, кеден тәртіптемесі – кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауар мен көлік құралдарының мәртебесін айқындайтын ережелердің жиынтығы. Кеден режиміне сәйкес тауарлар мен көлік құралдары кеден шекарасы арқылы өткізіледі, осы тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және билеу жүзеге асырылады. Тауарды алып өтуші адам кез келген уақытта, кез келген кеден режимін таңдауға, не оны сипатына, мөлшеріне, апарылатын еліне немесе тауардың шығарылған еліне қарамастан оны басқа тауарға өзгертуге құқылы. Қазақстанда кедендік реттеу мақсатында кеден режимінің мына түрлері белгіленген:еркін айналыс үшін шығару‚ кері импорт‚ транзит‚ кеден қоймасы‚ бажсыз сауда дүкені‚ кеден аумағында өңдеу‚ кеден бақылауымен өңдеу‚ уақытша әкелім немесе әкетілім‚ еркін кеден аймағы‚ еркін қойма‚ кеден аумағынан тыс жерде өңдеу‚ экспорт‚ кері экспорт‚ жою‚ мемлекеттің пайдасына тауардан бас тарту. Кеден режимінің әрбір түрінің баждар мен салықтар төлеу‚ кеден қоймаларында сақтау шарттары мен мерзімдеріне қатысты өз ерекшеліктері болады.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді:
- тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
- ;
- ;
- бажсыз сауда дүкені;
- тауарларды кедендік аумақта қайта өндеу;
- тауарларды еркін айналыс үшін қайта өндеу;
- тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өндеу;
- тауарлар мен көлік кұралдарын уақытша әкелу;
- тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;
- ;
- ;
- ;
- тауарларды жою;
- мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;
- еркін кеден аймағы;
- ;
- арнайы кедендік режим.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IV том
- Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл.
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер