Кеңсе тілі – іс қағаздарына арналған жеке сөздер мен сөз тіркестерінен құралатын ресми стиль түрі. Кеңсе тілінде жазылатын құжаттар: анықтама, , өтініш, келісімшарт, мінездеме, т.б. Олардың басталуы біртектес болып келеді. Айтылатын өтініші, анықтаманың берілу себебі, уақыты көрсетіледі. Әр түрлі шақырту құжаттары мен хабарландырудың соңғы жағына ұйымдастырушылардың толық мекен-жайы, мекеме аты жазылады (ұйымдастыру к-ті, кәсіподақ к-ті, , т.б.). Кеңсе тілінде жазылатын құжаттардың өзіндік қалыптасқан стилі, ерекшелігі бар, сондықтан оған көркем әдебиет стилі сияқты бейнелі сөздерді қолдануға болмайды. Түрлі құжаттар мен іс қағаздарын жазу кезінде, көбінесе, ойдың логикалық дәлелділігі, айқындылығы мен ықшамдығы ескеріледі. Тиісті мекеменің, ұйымның мамандығына байланысты кейде кәсіби сөздердің енгізілуі мүмкін. Кеңсе тілінде жазылатын іс қағаздарының түрлі үлгілері бар. Олардың дұрыс жазылуы жүйелілігі мен қызметке тиімділігі тұрғысынан бағаланады.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер