Клавихо Рюи Гонзалес Де (14 ғасырдың 2-жартысы – 15 ғасырдың 1-жартысы) – испан саяхатшысы, Кастилия королі Генрих ҚҚҚ-нің Әмір Темірге Испаниямен қарым-қатынасты дамыту мақсатында жіберген елшілігінің жетекшісі. Елшілік құрамында 3 адам болды. Олар Испаниядан 1403 ж. 21 мамырда шығып, Самарқанға (Константинополь, Иран арқылы) келді. 1404 ж. 8 қыркүйекте Әмір Темірдің қабылдауында болып, оған король грамотасы мен сыйлықтарын тапсырды. Елшілік Самарқанда 2,5 ай болды. Бірақ Қытайға шабуыл жасауға дайындалып жатқан Әмір Темірдің (27 қарашада оның әскері Отырарға келіп кірді) жауабын күтпей-ақ, 1404 ж. 26 қарашада жолға қайта шықты. 1406 ж. 24 наурызда Генрих ҚҚҚ-ге қайтып оралды. Ол өзі болған елдердің жер жағдайы мен ондағы халықтың тұрмысы туралы мәліметтер жинауға тапсырма алған. Клавихо 3 жыл бойы күнбе-күн дерлік ”Күнделік” жазып отырған. “Күнделікте” Әмір Темір империясының саяси өмірі мен шаруашылығына қатысты мағлұматтар берген. Онда қолөнер өндірісінің жай-күйі, 14 ғасырдың соңы мен 15 ғасырдың бас кезінде Самарқан мен оның маңындағы Әмір Темір жаулап алған елдерден айдап әкелінген шеберлердің қолымен салынған құрылыстар жайында айтылады. Клавихо, әсіресе, Самарқанның және оның халқы көп үлкен қыстақтары бар ауыл шаруашылығы аумағының экономикалық және мәдени жағдайына ерекше назар аударады. Орта Азияның, ішінара Самарқанның көрші елдермен, оның ішінде Қазақстанмен сауда байланысы жөніндегі деректерді зерттеушілер мен орта ғасырдағы Қазақстанды зерттеушілер үшін өте қызықты. Әмір Темір мемлекетінің әлеуметтік құрылысы жайындағы кейбір мәліметтері де маңызды болып табылады. Клавихоның “Күнделігі” Әмір Темірдің Алтын Ордамен және Ақ Ордамен қарым-қатынасын сипаттайтын құнды мағлұматтар береді. Тоқтамыс ханның сәтсіз жорықтары ыдырап бара жатқан Алтын Орданың ішкі саяси жағдайына, Ақ Ордадағы ішкі алауыздық пен аласапыран жағдайдың күшеюіне әсер еткенін көрсетеді. Қазақ халқы арасында таралуы жайындағы мәліметтер де көңіл аударарлық. “Күнделік” “Ұлы Темірланның өмірі мен қызметі” деген атпен тұңғыш рет 1582 ж. басылып шықты. Екінші рет 1782 ж. Мадридте басылды. 1881 ж. академик “Күнделіктің” мәтіні мен орыс тіліндегі аудармасын жарыққа шығарды. 1928 ж. ағылшын тіліне аударып, жариялады. 1943 ж. Эстрада]] “Күнделікті” 15 ғасырдағы қолжазбасы негізінде елшілік жөніндегі егжей-тегжейлі тарихи анықтамалармен қоса (оның сипаты, мақсаты, құрамы, бағыты, сапар қорытындысы) Мадридте бастырып шығарды.
Дереккөздер
. Подлинный текст с пер. и примеч. восстановлен под ред. И.И. Срезневского, СПб., 1881.
Муминов И.,, Таш., 1968; История Самарканда, т. 1, Таш.,
- Дневник путешествия по двору Тимура в Самарканде в 1403 – 1406 жж.
- Роль и место Амира Тимура в истории Средней Азии
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , X том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер