Коллаж (франц. collage – жапсыру, желімдеу) – 1) бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс, кубизм, футуризм суретшілерінің шығармашылық ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі. Бұл өнер ағымдары суретшілері қиялына байланысты кез келген өзіне ұнаған заттарды кескіндемесіне пайдаланған. Мысалы, суретшілер түрлі матаның, қағаз, газеттің қиындыларын, әйнек, түйме, фольга, ағаш қалдықтарын, т.б. пайдаланып (жапсырып, желімдеп), шығармшылық жетістіктерге жеткен. Кейіннен Коллаж көркемдеу-безендіру саласында қолданылатын болды. Сонымен қатар Коллаж балалар шығармашылығында кең қолдау тапқан өнерге айналды. Олардың ой-өрісінің шыңдалуына үлкен әсер етті. Коллажды алғаш дамытқандардың ішінде суретші үлесі зор болды; 2) 20 ғсырда музыкада орын алған тәсілді – шығармаға өзге композиторлар туындыларынан стильдік тұрғыда бөтен фрагменттерді енгізуді де Коллаж деп атайды; 3) полиграфиялық безендіру ісінде әр түрлі фотосуреттерді біріктіріп, қажетті мазмұндағы әсерлі сурет жасау тәсілі.
Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |