Криптография тарихы 4 мың жылға жуық уақытты алып жатыр. Криптография кезеңдерінің негізгі өлшемі ретінде қолданылатын шифрлау әдістерінің технологиялық сипаттамасын пайдалануға болады.
Бірінші кезең (шамамен б.з.д. III мыңжылдықтан бастап) моноалфавиттік шифрлардың басым болуымен сипатталады (негізгі қағида – бастапқы мәтіннің алфавитін әріптерді басқа әріп немесе таңбалармен ауыстыру арқылы басқа алфавитпен ауыстыру). Екінші кезең (хронологиялық шеңбері – Таяу Шығыста (Әл-Кинди) ғасырдан және Еуропада ғасырдан бастап (Леон Баттиста Альберти) – ғасырдың басына дейін) полиалфавиттік шифрлардың енгізілуімен белгілі. Үшінші кезең ( ғасырдың басынан бастап ортасына дейін) шифр анықтаушылардың жұмысына электромеханикалық құрылғылардың орнатылуымен сипатталады. Бұл ретте полиалфавиттік шифлар қолданыла берді.
Төртінші кезең – ғасырдың ортасынан 70-жылдарына дейін – математикалық криптографияға өту кезеңі. еңбегінде , мәліметтің берілуі, , шифрлау функциясының қатаң математикалық анықтамалары пайда болды. Шифр жасаудың міндетті кезеңі оның әр түрлі белгілі шабуылдарға – және криптоанализге қарсы осал тұстарын зерттеу болып табылады. Алайда 1975 жылға дейін криптография “классикалық” немесе, анығырақ айтқанда, құпия кілтті криптография болып қалды.
Криптографияның қазіргі даму кезеңі (1970жж. соңынан қазіргі заманға дейін) жаңа бағыттың – пайда болу және дамуымен ерекшеленеді. Оның пайда болуы жаңа техникалық мүмкіндіктермен ғана емес, салыстырмалы түрде жеке тұлғалардың қолданысында криптографияның кең таралуымен белгілі. Криптографияның жеке тұлғаларда қолданылуын құқықтық реттеудің әр түрлі елдерде – рұқсат беруден толықтай тиым салуға дейін - қатты айырмашылығы бар.
Қазіргі заманғы криптография математика мен информатиканың түйісуінде бөлек ғылыми бағыт құрады – бұл саладағы еңбектер ғылыми журналдарда жарияланады, жүйелі түрде конференциялар ұйымдастырылып тұрады. Криптографияның іс-тәжірибеде қолданылуы қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды – оны электрондық коммерция, электрондық құжат айналымы ( қоса), телекоммуникация және басқа да салаларда пайдаланады.
Ежелгі дүниедегі криптография
Криптография мәтінді қорғау техникасы ретінде жазу әліппесімен бірге пайда болды және құпия хаттың әдістері , Египет және Месопотамия өркениеттеріне белгілі болды деген деректер бар. 64 өнердің арасында мәтінді өзгерту жолдары көрсетілген, олардың кейбірін криптография өнеріне жатқызуға болады. Месопотамиялық бұйымдарын әйнекелеу үшін қолданылатын рецепт кестесінің авторы жазуын жасыру үшін сирек кездесетін белгілеулерді пайдаланды, кейбір әріптерді тастап кетті, ал атауларды сандармен алмастырды. Ары қарай криптографияның қолданылуы жайлы әр түрлі ескертулер кездеседі, олардың көп бөлігі әскери істе қолданылады.
Ежелгі Египет
Шамамен 4000 жыл бұрын Ежелгі Египетте арнайы иероглифтердің қолданылуын криптографияның ең алғашқы белгілі қолданысы деп санау қабылданған. Криптография элементтері және жазбаларының өзінде-ақ көрсетілген, криптографиялық мәтіндер толығымен белгілі. Көрнекті мысалдардың бірі дворяндарды мадақтау мәтіндері (б.з.д. XIX ғ.) Бени-Хасан аймағындағы жақсы сақталған № BH 3 қабірінен табылған (ағылш. Beni Hasan)
Дереккөздер
- Үлгі қатесі: қара {{}}
- Развитие иероглифической системы. Письмо греко-римского времени. Криптография // Введение в египетскую филологию. — М., 1963.
- A Brief History of Cryptography (ағыл.). Cypher Research Laboratories Pty. Ltd. Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 қаңтар 2011. Тексерілді, 10 желтоқсан 2009.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер