Кіші түркептер (Streptopelia senegalensis) - біздегі түркептерлердің ең кіші денелісі (100 г, қанатының алымы - 45 см шамасында).
Кіші түркептер | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() At Zighy Bay in the , | ||||||||||||||
![]() () | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Spilopelia senegalensis (Linnaeus, 1766) | ||||||||||||||
Streptopelia senegalensis |
Биологиялық сипаттама
Африкада және Оңтүстік-Батыс Азияда қоныстанады. Қазақстанда бұл түр солтүстік шекарада таралған және оңтүстік-шығыстың елді мекендерінде өмір сүреді. Адамды маңайлап жүреді, адам қоныстанған аумаққа тәуілді. Кіші түркептер - отырықшы құс.
Таралуы
Жоны - біркелкі қоңырқай, басы және төсі - айқын шарап реңкті, екі бүйірі мен мойынның алдыңғы жағында қошқыл секпілді қызғылтсары «алқасы» болады. Ұяларды сан алуан орындарға - ағаш бұтақ- тарына, жүзім сабағына, ғимараттар сөрелері мен кенерелеріне, ал жазда үнемі ашық тұратын тұрғын үйлердің, тіпті қалың есік-терезе перделеріне салады. Өте аңқау, адамның өте жақын келуіне мүмкіндік жасайды. Бүкіл ұялау айналымы айға жуық болады, сөйтіп құстар дереу жаңа ұялау орнын табады. Бір жұп түркептердің жыл бойы жеті рет ұялағаны мәлім, өйткені олар кейде ақпаннан бастап ұя сала бастайды.
Дереккөз
1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
- Stigmatopelia senegalensis. Version 2009.2. (2009). Тексерілді, 4 ақпан 2010.