Күзем жүн – қойдың күзде қырқылған жүні. Оны "тірі жүн" деп те атайды.
Пайдаланылуы
Талшықтары қысқа, тез ұйысқыш келетіндіктен одан көшпелі баспананың үзік, туырлық, түндік сияқты жабындарын, текемет, откиіз, сырмақ тәрізді төсеніш бұйымдарын және тұрмыс пен шаруашылықтың толып жатқан (жабу, жабдық, қап, төсеккиіз, кебенек, қалпақ және т.б. түрлі) заттарын жасауға пайдаланылады. Сонымен қатар, тоқыма бұйымдары – шекпен, қап және киіз үйдің әртүрлі бау-шуларын тоқуға қажетті жіп даярлауға қолданылады.
Тоқтының күзем жүні киіз басқанда ұстасуы екіталай болғандықтан шуашы мол қой жүніне араластырып салып жібереді. Немесе талдырма, көптірме деп алатын қопсып тұратын жұқа жұмсақ киіз түрін басады.
Әр қойдан алынатын күзем жүнінің салмағы
Әр қойдан алынатын күзем жүннің мөлшері қой жүнінің салмағы оның ұзындығына және тұқымына байланысты болады. Бір қойдан орта есеппен 1 кг-ға жуық күзем жүн алынады. Ол жайында Ә. Бөкейхан еңбегінде 50 қойдан шамамен ұзындығы 7 құлаш, ені 2 құлаш киіз басуға болатындығы айтылады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) -17-23-том: К – Қ – 736 бет.
Әдебиеттер
- Букейхан А.Н. Овцеводство в Степном крае. Материалы по экономическому обследованию районов Сибирской железной дороги. Животноводство. Т.1. Вып.1. Томск, 1904;
- Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969;
- Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХVII-начало ХХ века. Политико-экономический анализ. Алма-Ата: Наука, 1971;
- Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап, 2005;
- Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер