Күнгейсандық – Қырғыз Алатауындағы Боқтікен тау сілемінің оңтүстік-шығысындағы асу.
Күнгейсандық асуы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Биіктігі | 2870 м |
Орналасуы | |
42°37′56″ с. е. 73°21′41″ ш. б. / 42.63222° с. е. 73.36139° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°37′56″ с. е. 73°21′41″ ш. б. / 42.63222° с. е. 73.36139° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылының оңтүстік-шығысында 29 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Ең биік жері 2870 м. Мамыр – қазан айларында салт атты адам өте алады. Беткейлік шайылу әрекеттері дамыған. Асудың батысынан Меркі, шығысынан Аспара өзендерінің салалары таудың биік жоталарынан бастау алады. Беткейлері жатық кең өзен аңғарлары жоғары қарай біртіндеп құламалы тік шатқалдарға ұласады. Солтүстігінде Үшемшек, оңтүстігінде Тұйықтөр, батысында Қызылқия асулары орналасқан.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет.