Күнзе, (лат. Coriandrum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Күнзе | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
12 түрі белгілі |
Жерорта т. маңында кездесетін 2 түрі белгілі. Қазақстанда қолдан өсірілетін 1 түрі – мәдени күнзе (С. satіvum) бар. Оның биіктігі 30 – 70 см, тамыры жіңішке, жіпше иретіліп жатады. Сабағы қатпарланған. Төменгі жапырақтары тұтас немесе үшке бөлінген, ал жоғарғылары – қауырсынды тілімденген. Тостағанша жапырақшалары үш бұрышты тісті, күлтелері ақ түсті, екі қалақты. Гүлдері дара жынысты, 10 – 15 гүлі бірігіп, шатырша гүлшоғырын құрайды. Шатыршалары 4 – 5 сәулелі. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі шар тәрізді домалақ. Жас бұтағын дәм-татымдық ретінде () тағамға қосады. Күнзенің жемісінің құрамында 1,18% эфир майы бар. Жемісін қайнатқаннан кейін эфир майының құрамында 18%-дай жоғары сапалы май пайда болады, оны сабын қайнатуда пайдаланылады. Майын бөліп алғаннан кейінгі күнжарасы құнарлы мал азығы ретінде малға беріледі.
Дереккөздер
- “Қазақ энцклопедиясы”
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер