Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаев (шын есімі Әбдірахым; 25 сәуір 1916, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 15 наурыз 2008, Алматы) — кеңестік және қазақстандық актер, опера әншісі, театр режиссері педагог - профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1959). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының және Халықаралық Айматов сыйлығының иегері.
Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаев | |||||||||||
| |||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||||||||
Туған жері | |||||||||||
Қайтыс болған күні | |||||||||||
Қайтыс болған жері | |||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||
Мамандығы | |||||||||||
Белсенді жылдары | |||||||||||
Марапаттары |
|
Өмірбаяны
Арғын тайпасның Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан.
- 1936 – 41 жылы жанындағы қазақ студиясында оқыды.
- 1950 жылы Алматы консерваториясын бітірген.
- 1942 – 46 жылы шекарашылар ансамблінде қызмет етті.
- 1946 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі.
Мәскеуде өткен қатысқан (1958).
Ойнаған рольдері
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2TWk4eU5DOGxSREFsT1VFdUpVUXdKVGxCSlVRd0pVSTFKVVF3SlVKRUpVUXdKVUkySlVRd0pVSTFKVVF4SlRneUpVUXdKVUl3SlVRd0pVSTFKVVF3SlVJeVh5VkVNaVU1UVNWRU1TVTRRaVZFTUNWQ04xOGxSREFsT1RZbFJERWxPVFlsUkRBbFFqRWxSREFsUWpVbFJEQWxRa0ZmSlVRd0pVSkZKVVF3SlVKR0pVUXdKVUkxSlVReEpUZ3dKVVF3SlVJd0pVUXhKVGd4SlVReEpUaENKVVF3SlVKRUpVUXdKVUkwSlVRd0pVSXdKVVF5SlRrekpVUXhKVGhDWHlWRU1DVTVNU1ZFTUNWQ05TVkVNQ1ZDUVNWRU1DVkNOU1ZFTUNWQ05pVkVNQ1ZDTUNWRU1DVkNSRjhsUkRFbE9EQWxSRE1sUVRrbFJEQWxRa0lsUkRFbE9UWWxSREFsUWtRbFJEQWxRalFsUkRBbFFqVXVkR2xtTDJ4dmMzTjVMWEJoWjJVeExUSXdNSEI0TFNWRU1DVTVRUzRsUkRBbE9VRWxSREFsUWpVbFJEQWxRa1FsUkRBbFFqWWxSREFsUWpVbFJERWxPRElsUkRBbFFqQWxSREFsUWpVbFJEQWxRakpmSlVReUpUbEJKVVF4SlRoQ0pVUXdKVUkzWHlWRU1DVTVOaVZFTVNVNU5pVkVNQ1ZDTVNWRU1DVkNOU1ZFTUNWQ1FWOGxSREFsUWtVbFJEQWxRa1lsUkRBbFFqVWxSREVsT0RBbFJEQWxRakFsUkRFbE9ERWxSREVsT0VJbFJEQWxRa1FsUkRBbFFqUWxSREFsUWpBbFJESWxPVE1sUkRFbE9FSmZKVVF3SlRreEpVUXdKVUkxSlVRd0pVSkJKVVF3SlVJMUpVUXdKVUkySlVRd0pVSXdKVVF3SlVKRVh5VkVNU1U0TUNWRU15VkJPU1ZFTUNWQ1FpVkVNU1U1TmlWRU1DVkNSQ1ZFTUNWQ05DVkVNQ1ZDTlM1MGFXWXVhbkJuLmpwZw==.jpg)
- Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Дударайында”)
- Жанбота (М.Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”)
- Эскамильо (Ж.Бизенің “Карменінде”)
- Князь Игорь (А.П. Бородиннің “Князь Игорінде”)
- Руслан (М.И. Глинканың “Руслан мен Людмиласында”)
- Демон (А.Г. Рубинштейннің “Демонында”)
- Алеко (С.В. Рахманиновтың “Алекосында”)
- Амонасро (Дж.Вердидің “Аидасында”) партиялары – К-тың әншілік, орындаушылық талантын әр қырынан ашқан образдар болды.
Кинодағы рольдері
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2TWk4eU55OGxSREFsT1VFdUpVUXdKVGxCSlVRd0pVSTFKVVF3SlVKRUpVUXdKVUkySlVRd0pVSTFKVVF4SlRneUpVUXdKVUl3SlVRd0pVSTFKVVF3SlVJeVh5VkVNQ1U1TUNWRU1DVkNReVZFTUNWQ01DVkVNQ1ZDUkNWRU1DVkNNeVZFTUNWQ05TVkVNQ1ZDUWlWRU1DVkNOQ1ZFTVNVNU5sOGxSREFsUWtVbFJEQWxRa1lsUkRBbFFqVWxSREVsT0RBbFJEQWxRakFsUkRFbE9ERWxSREVsT0VJbFJEQWxRa1FsUkRBbFFqUWxSREFsUWpBbFJESWxPVE1sUkRFbE9FSmZKVVF3SlRrd0pVUXdKVUpESlVRd0pVSXdKVVF3SlVKRUpVUXdKVUl6SlVRd0pVSTFKVVF3SlVKQ0pVUXdKVUkwSlVReEpUazJYeVZFTVNVNE1DVkVNeVZCT1NWRU1DVkNRaVZFTVNVNU5pVkVNQ1ZDUkNWRU1DVkNOQ1ZFTUNWQ05TNTBhV1l2Ykc5emMza3RjR0ZuWlRFdE1qQXdjSGd0SlVRd0pUbEJMaVZFTUNVNVFTVkVNQ1ZDTlNWRU1DVkNSQ1ZFTUNWQ05pVkVNQ1ZDTlNWRU1TVTRNaVZFTUNWQ01DVkVNQ1ZDTlNWRU1DVkNNbDhsUkRBbE9UQWxSREFsUWtNbFJEQWxRakFsUkRBbFFrUWxSREFsUWpNbFJEQWxRalVsUkRBbFFrSWxSREFsUWpRbFJERWxPVFpmSlVRd0pVSkZKVVF3SlVKR0pVUXdKVUkxSlVReEpUZ3dKVVF3SlVJd0pVUXhKVGd4SlVReEpUaENKVVF3SlVKRUpVUXdKVUkwSlVRd0pVSXdKVVF5SlRrekpVUXhKVGhDWHlWRU1DVTVNQ1ZFTUNWQ1F5VkVNQ1ZDTUNWRU1DVkNSQ1ZFTUNWQ015VkVNQ1ZDTlNWRU1DVkNRaVZFTUNWQ05DVkVNU1U1Tmw4bFJERWxPREFsUkRNbFFUa2xSREFsUWtJbFJERWxPVFlsUkRBbFFrUWxSREFsUWpRbFJEQWxRalV1ZEdsbUxtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Кенжетаев 1957 жылдан кинофильмдерге түсіп
- әнші-артист ретінде:
- “Біздің сүйікті дәрігер”
- Бауыржан Момышұлы (“Ел басына күн туса”)
- Нұртаза (“Ән қанатындада”)
- Танабай (“Тұлпардың ізінде”)
- Жапас (“Таудағы шынарда”)
- қарт (“Қызыл тас заставасында”)
- Базарбай (“Қыз Жібекте”)
- Қазанғап (“Боранды бекетте”), т.б. рөлдерімен көрермендер ықыласына бөленді.
- режиссер ретінде:
- “Жерге қайта оралу”
- Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Амангелді”
- С.Мұхамеджановтың “Айсұлу”
- Е.Рахмадиевтің “Алпамыс”
- П.И. Чайковскийдің “Қарғаның мәткесі”, т.б. операларды қойды.
Фильмографиясы
- 1938 - - эпизод
- 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - әнші-артист
- 1964 - - әке
- 1966 - Ән қанатында - Нұртаза
- 1967 - Ел басына күн туса - соғыс ардагері
- 1968 - Балалық шаққа саяхат - Ұзақбай
- 1969 - Мәншүк туралы дастан - әке
- 1969 - - қарт
- 1969-1970 - Қыз Жібек - Базарбай
- 1970 - Ақ шаршы алаң - Сұлтан Серғалиұлы
- 1974 - Бұлақ - эпизод
- 1975 - Дала гүрсілі - эпизод
- 1975 - Гауһартас - әке
- 1977 - Кездеспей кеткен бір бейне - эпизод
- 1977 - - Хоортай
- 1995 - - Қазанғап
Шығармалары
Либреттолары:
- “Алпамыс”
- “Алдар Көсенің айласы”
- “Қалқаман – Мамыр”
- “Сапар”
- “Баян жүрек”
- “Құсни – Хорлан”
- “Кемпір мен шал”, т.б. опералар либреттоларының авторы
Аудармалары
- “Сильва”
- “Тыныш шаңырақ”
- “Фигароның үйленуі” операларының либреттоларын қазақ тіліне аударған.
Шығармалары
- “Дархан дарын”
- “Мәжит Бегалин”
- “Высокий дар призвания” (орыс тілінде) атты кітаптары жарық көрген.
Педагогтық жұмысы
1979 жылдан Ұлттық өнер академиясында дәріс береді. Кенжетаев концерттік-орындаушылық өнерімен де халыққа жақсы танымал. Репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар, орыс, украин, татар, өзбек халықтарының халық әндері, сондай-ақ, Батыс Еуропа композиторларының шығармалары (ариялар, романстар, әндер) бар.
Гастрольдік сапармен Польша, Моңғолия, Румыния, Түркия, Грекия, Египет, Сирия, Ливан, т.б. елдерде болды.
Мемлекеттік марапаттары
- «Қазақ КСР Еңбегі сіңген артисі» құрметті атағымен және 1959 жылы «Қазақ КСР Халық артисі» құрметті атақтарымен марапатталған.
- 1959 жылы Еңбек Қызыл Ту Ордені
- 1986 жылы Қазақ төңкерісі Ордені
- Еңбек Қызыл Ту орденімен екеінші мәрте марапатталған.
- «Отан соғысы» ІІ дәрежелі Ордені
- КСРОның бірнеше медалдарымен марапатталған.
- 1985 жылы профессор (құрметті ғылыми атағы берілген);
- 1996 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасының жоғарғы марапаты «Парасат ордені» мен марапатталған.
- Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты
- Айматов атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты
- ҚР Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталған.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.
- massaget.kz Сұлтанмахмұт сүйген сұлу (қаз.) (6 қараша 2017).
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. , IV-том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер