Көкшытырша (лат. Berteroa incana) - екі жылдық, орамжапырақ тұқымдасы шытырша туысына жататын шөп тектес өсімдік.
Көкшытырша | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||
Berteroa incana |
Сипаты
- Биіктігі 60 см-ге жуық.
- Тамыры қысқа.
- Сабағын қысқа түк басқан, түзу өседі, бұтақтары көп.
- Жапырақтары сопақша келген, отырмалы, шеттері бүтін, төменгілерінің сағақтары бар.
- Гүлдері ақ түсті, майда, гүл тәжі 4 гүл жапырақшасынан тұрады.
- Жемісі сопақша, сыртын түк басқан жалпақ.
- Тұқымдары жалпақ, қоңыр түсті.
- Жаз бойы гүлдеп тұрады.
- Өсетін жерлері: жолдардың шеттері, шабындықтар, егістік жерлер.
Емдік қасиеті
Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады.
- Бұл өсімдіктен жасалған дәрілерді әйелдердің ақ етеккірі келгенде қолданып, сондай-ақ асқазан және бас ауруларын емдеу, кейде дене сыртындағы жараларды жуу үшін де пайдаланады.
- Босанған әйелдерден қан кеткенде немесе ықылық ату көпке дейін тоқтамай қойғанда да бұл өсімдіктің шипалық қисиеті мол.
- Жас сәбилердің іші ауырғанда да пайдаланса, өте жақсы нәтиже береді..
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер