Лордтар палатасының Лорд-спикері (ағылш. Lord Speaker of the House of Lords) — Ұлыбритания парламенті жоғарғы Лордтар палатасының спикері, төрағасы және мүшелері арасындағы ең жоғарғы мүшесі. Лауазым — лауазымына аналог, лорд-спикерді Лордтар палатасының мүшелері сайлайды, спикерге партиясыз және бейтарап болу талабы қойылады.
Лорд-спикер ағылш. Lord Speaker | |
![]() Лордтар палатасының логотибі | |
![]() Лауазымды иеленуші барон 1 мамыр 2021 жылдан бері | |
---|---|
Басшылық етеді | |
Басқару түрі | |
Кандидатура ұсынылады |
|
Тағайындалды | Лордтар палатасы, кандидатураны Мемлекет басшысы құптайды |
Өкілеттігінің мерзімі | бес жыл, бір рет қайта сайлана алады |
Айлығы | £104,360 |
Лауазым пайда болды | 4 шілде 2006 |
Лауазымдағы алғашқы қызметші |
|
Сайты |
2006 жылғы шілдеге дейін Лорд-спикердің міндеттерін орындайтын. Лордтар палатасының қазіргі спикері — Аклуиттің Бароны .
Тарихы
2003 жылы атқаратын қызметті бөлу туралы шешімнен кейін (бастапқыда премьер-министр мақсаты кеңсені толығымен жою болды) Лорд-канцлердің төрағалық қызметін жаңа лауазымға беру жайлы Лордтар палатасында комиссия құрылды. Бірнеше ұсыныстан кейін жаңа спикер «Лорд-спикер» деп аталды, ал орынбасарларының саны 25-тен он екіге дейін қысқарды. «Лорд спикері» ішінара таңдалды, себебі ол Тұрақты бұйрықтарда және серіктесте қолданылған.
Міндеттері
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWhMMkZrTDB4dmNtUmZUV05HWVd4c1gyOW1YMEZzWTJ4MWFYUm9YeVV5T0V4dmNtUmZVM0JsWVd0bGNsOHhMalkySlRJNVh6SXdNak11YW5Cbkx6SXlNSEI0TFV4dmNtUmZUV05HWVd4c1gyOW1YMEZzWTJ4MWFYUm9YeVV5T0V4dmNtUmZVM0JsWVd0bGNsOHhMalkySlRJNVh6SXdNak11YW5Cbi5qcGc=.jpg)
Лорд-спикердің негізгі функциялары: Лордтар палатасында өтетін пікірсайыстарда төрағалық ету, палатаға процедуралық ережелер бойынша кеңес беру, Вестминстер сарайы алып жатқан аумақтардағы қауіпсіздікке ресми жауапкершілікті алу. Қажетті жағдайларда Лорд-спикер Палата атынан сөз сөйлейді және Ұлыбританиядағы және шетелдегі өкілі қызметін атқарады.
Лорд-спикер қарағанда аз өкілеттікке ие. Лордтар палатасы негізінен өзін-өзі басқарады және оның төрағасы пікірталастарға аса белсенді ат салыса бермейді. Мысалы, спикерден айырмашылығы, лорд-спикер Палатаны тәртіпке шақырмайды, орнынан екі адам бір уақытта тұрағнда кім сөйлейтінін таңдамайды, Палата ережелерін бұзған мүшелерді тәртіпке келтірмейді, қуып шыға алмайды, заң жобаларына түзетулер жасай алмайды.
Лорд-спикер бұрын лорд-канцлер өзінің парламенттік рөліне қатысты атқаратын міндеттердің көпшілігін өз мойнына алды. Дегенмен, Парламенттің мемлекеттік ашылуы кезінде Монарх алдында сөз сөйлейтін — әлі де лорд-канцлер. Қауымдар палатасының спикері сияқты лорд-спикер қызметте болған кезде партиясыз болады.
Сайлануы
Лорд-спикер бес жыл мерзімге сайланады және ең көбі екі мерзімге сайлануға құқылы. Сайлау балама дауыс беру әдісімен өткізіледі. 2011 жылғы 3 мамырда енгізілген түзетулерге сәйкес, сайлау мерзімінің соңғы жылының 15 шілдесіне дейін өткізіледі, жаңа мерзім 1 қыркүйекте басталады.
Айлығы және рәсімдері
2006 жылғы 4 шілдедегі Патшалық жарлық лорд-спикерді Қауымдар палатасының спикерінен төмен дәрежеде етіп бекітті. Лорд-спикердің жалақысы £104,360 тең, бұл Қауымдар палатасының спикерінен аз.
Лорд-канцлер сияқты, лорд-спикер Палатаға төрағалық еткен кезінде қарапайым қара жібек мантия, ресми рәсімдер барысында ол қара жібек және алтын шілтерлі салтанатты көйлек киеді.
Лордтар палатасына таныстырылған жаңа пэрлер ант қабылдағаннан кейін лорд-спикермен қол алысады.
Лорд-спикерлер тізімі
Реті | Суреті | Аты-жөні | Қызметі | Бұрынғы партиясы | Дер. | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | ![]() | (1949 туған) | 4 шілде 2006 | 31 тамыз 2011 | |||
2 | ![]() | (1944 туған) | 1 қыркүйек 2011 | 31 тамыз 2016 | |||
3 | ![]() | (1938 туған) | 1 қыркүйек 2016 | 30 тамыз 2021 | Консервативті | ||
4 | ![]() | (1944 туған) | 1 мамыр 2021 | — |
Қосымша ақпарат
- 2016 жылғы Спикер орынбасары болып тағайындалуынан бері Партиясыз
Дереккөздер
- Speakership of the House - First Report (ағыл.). Ұлыбритания парламентінің ресми сайты. Тексерілді, 13 желтоқсан 2023.
- The Lord Speaker (ағыл.). Ұлыбритания парламентінің ресми сайты. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Page 9986 (ағыл.). . Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Hayman chosen to be Lords speaker (ағыл.). BBC (4 June 2006). Тексерілді, 13 желтоқсан 2023.
- Baroness D'Souza elected new Lords Speaker (ағыл.). BBC (18 June 2011). Тексерілді, 13 желтоқсан 2023.
- Lord Speaker election: result (ағыл.). Ұлыбритания парламентінің ресми сайты (13 June 2016). Тексерілді, 13 желтоқсан 2023.
- Lord Speaker election: result (ағыл.). Ұлыбритания парламентінің ресми сайты (21 June 2021). Тексерілді, 13 желтоқсан 2023.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер