Магнитофондар мен (магнит және көне грекше: φωνή — дыбыс сөздерінен) қабылданған дыбыс әлсіз ауыспалы электр тогына айналады да, магнитофон құралында бірнеше рет өңдеуден, коррекциядан өтеді. Алдымен микросхемадағы немесе транзистордағы күшейткішке түседі. Күшейтілген микрофондық сигналды бірден жазу тетігіне беруге болар еді. Алайда, қандай жақсы сападағы күшейткіш болса да әр түрлі жиілікті бірқалыпты күшейте алмайды. Сондықтан, міндетті түрде дыбыс деңгейін өлшеуіш құрал - индикатор қажет.
Күшейтілген, коррекцияланған дыбыс магнит тетікке (маг. головка) түскен соң магнитті дыбысқа айналады. Бұл магнитгі головка - таға тәрізді, жұқа магниттелмеген денемен бөлінген ұш жағында 2 полюс белгіленген жүрекше орналастырылған қарапайым тетік. Жазу головкасына шағылған магнитті өріс магнитті үнтаспаға әсер етіп, қажетті информация алынады. Ол дыбыс ұзақ сақталуы үшін үнтаспаға арнайы темірқышқылы, кобальт, хром сияқты химиялық элементтер қосылады.
Сонымен бірге магнитофонда үнтаспаны магнитсіздендіретін өшіру тетігі болады. Алайда, үнтаспаларды пайдаланар алдында заводтан берілген аныктамаларға көңіл бөлінуі тиіс. Өйткені, кейбір үнтаспалардың магнитті ұстауы күшті болады да магнитсіздендіретін тетікке бағынбайды, сөйтіп бірнеше дыбыс қайта жазылып, магнитті жазудың сапасы төмендейді. Бұл айтылған жайлар магнитофон қызметін анықтайтын негізгі белгілер. Ал бұл магнитофон құралы Ресейде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана пайда болды. алғашқы шағын магнитофонды 1952 жылдан бастап қолданды. Киев радиозаводы шығарған алғашқы маркасы "Днепр-8" деп аталды, кейіннен "репортер" делінді. "Репортер" латын сөзі, хабар жеткізуші, әкелуші деген мағынаны білдіреді.
Дереккөздер
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — электроника туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер