Майтөбе – Қастек жотасының солтүстік сілемінде орналасқан тау.
Майтөбе | |
![]() Қастек жотасындағы Майтөбе шоқысы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | Қастек жотасы |
Пайда болған кезеңі | Плиоцен |
Биіктігі | 2568 м |
Орналасуы | |
43°04′19″ с. е. 76°18′08″ ш. б. / 43.07194° с. е. 76.30222° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°04′19″ с. е. 76°18′08″ ш. б. / 43.07194° с. е. 76.30222° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
|
| |
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде. Абсолюттік биіктігі 2568 м.
Геологиялық құрылымы
Плиоцен кезеңінде пайда болған Майтөбенің жер қыртысы гранит, әктас, тақтатастан түзілген.
Жер бедері
Беткейлері тіктеу және солтүстікке қарай кертпештеліп тауалды жазығына ұласады. Шоқының басы күмбез тәрізді. Шығыс және оңтүстік беткейлері тік шатқалды, батыс беткейі көлбеуленген. Тау бөктерінен Таутекесай, Майбұлақ, Қарасу, т.б. өзендер бастау алады. Шығыс беткейінің етегінде Майбұлақ қонысы жатыр. Тауалды жазығында аудан орталығы Ұзынағаш, сондай-ақ Қарғалы, Ынтымақ, Сарыбай би, Қайназар, т.б. ауылдар орналасқан.
Өсімдігі
Тауалдының қызғылт қоңыр, қара топырағында алма, өрік, жеміс ағаштары және астық тұқымдас тау шалғындары өседі.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер