Майтөбе, Қолқамыс – Көксу алабындағы өзен.
Майтөбе | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 55 км |
Су алабының ауданы | 863 км² |
Су алабы | Көксу өзені |
Бастауы | Матай тауларындағы Көтекасу асуының солтүстік беткейіндегі бұлақтар |
• Координаттары | 44°10′37″ с. е. 78°17′37″ ш. б. / 44.17694° с. е. 78.29361° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Қолқамыс өзені |
• Орналасқан жері | Қызылжар ауылынан төмен |
• Координаттары | 44°27′22″ с. е. 78°06′49″ ш. б. / 44.45611° с. е. 78.11361° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°27′22″ с. е. 78°06′49″ ш. б. / 44.45611° с. е. 78.11361° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Жетісу облысы Кербұлақ ауданы |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 55 км, су жиналатын алабы 863 км2, жалпы ұзындығы 37 км болатын 19 саласы бар. Ірілері: Кәшен, Шанханай, Ерменді, Матай.
Бастауы
Бастауын Матай тауларындағы Көтекасу асуының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Қызылжар ауылынан төменде Қолқамыс өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Шанханай ауылына дейінгі жоғарғы арнасы тау шатқалымен өтеді. Майтөбе ауылына дейінгі орта арнасы біршама жазық, сайлы-жыралы. Одан төменде арна жағалауы жарлауытты, жарқабақты. Негізінен жер асты суларымен толығады. Жоғарғы ағысында Қоянкөз, Шанханай, Майтөбе ауылдары және Сарыой, Секірме қыстаулары орналасқан. Алабы шабындыққа және мал жайылымына қолайлы.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер