Мацуо Басё (жапон. 松尾芭蕉 (лақап аты); туғанда Киндзаку, кәмелеттік жасқа жеткенде Мунэфуса (жапон. 宗房) деп атаған; тағы бір аты — Дзинситиро (жапон. 甚七郎)) — ұлы жапон ақыны, өлең теоретигі, поэзиядағы қалыптасуында үлкен рөл атқарған. 1644 жылы Ига провинциясы, Уэно қаласында (Хонсю аралы) туған. 1694 жылы 12 қазанда қайтыс болған.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHdMekF5TDBKaGMyaHZYMko1WDBKMWMyOXVMbXB3Wnk4eE1qQndlQzFDWVhOb2IxOWllVjlDZFhOdmJpNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWpMMk5rTDBKaGMyaHZYMko1WDBodmEzVnpZV2t0YzIxaGJHd3VhbkJuTHpJd01IQjRMVUpoYzJodlgySjVYMGh2YTNWellXa3RjMjFoYkd3dWFuQm4uanBn.jpg)
Ол Самурай әулетінен шыққан. Поэзияны 1664 жылдан бастап Киота қаласында оқып, үйренген. 1672-ші жылы Эдо қаласында (қазіргі Токио) мемлекеттік қызметке алынған, кейіннен талапкерлерге поэзиядан дәріс оқыған.
Жастық шағынан бастап Басио Ду Фу сияқты қытай ақындарын қызығып оқыды. Басё – хайку жанры мен эстетикасының негізін салушы болып саналады. 1680 жылы философиялық буддизм мектебі Дзэнді басқарады. Шығармалары: «Қысқы күндер» (1684), «Көктемгі күндер» (1686), «Маймылдың ақшыл сары жамылғысы» (1691-1698). Меркурий ғаламшарында оның құрметіне аталған кратер бар.
Мацуо Басио әуелгі кезде әзіл-қағытпа өлеңдер жанры саналатын рэнга жанрында танымал болды. Дегенмен оның негізгі еңбегі осынау әзіл-қағытпа өлеңдерден тұратын рэнга жанрына хайку эстетикасын алып келуі болды. Ол таза әзіл-қағытпа жанрды терең философиялық, табиғат лирикасынан бастау алатын нәзік лирикалық жанрға айналдыра алды.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODBMelE1TDAxaGRITjFiMEpoYzJodkxVaGhhMkV0VFRFNU16SXVhbkJuTHpJd01IQjRMVTFoZEhOMWIwSmhjMmh2TFVoaGEyRXRUVEU1TXpJdWFuQm4uanBn.jpg)
Кейбір өлеңдері
Жиһанкез! – Жалғыз сөз Есімім есте сақталсын Ақжауын жауған қоңыр күз ...
* * * "Көкжиекке қарашы, көзің талсын, Көкті тіліп көңілге жұлдыз жаусын!" Ақ шағала күрсінсін, толқып айдын ...
* * * Астана - бөлген бізді, шетсіз дала - Көкжиекті көмкерген бұлт қана... Ақшақарын себеді баяу ғана.
* * * Қақаған қысың маған түкте емес! Доспен бірге өткізсем шатты кеңес. Жүрек те сол шаттықтан алар үлес.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelV6TDFCdlpYUXRRbUZ6YUc4dFlXNWtMVTF2YjI1ZlJtVnpkR2wyWVd3dFZITjFhMmx2YTJFdFdXOXphR2wwYjNOb2FTMHhPRGt4TG5CdVp5OHlNREJ3ZUMxUWIyVjBMVUpoYzJodkxXRnVaQzFOYjI5dVgwWmxjM1JwZG1Gc0xWUnpkV3RwYjJ0aExWbHZjMmhwZEc5emFHa3RNVGc1TVM1d2JtYz0ucG5n.png)
* * * Қысқы күн. Арқасында арғымақтың, Көлеңкем мұз боп қатады.
* * * Ирагодзаки жағасы. Көкті тілген ақсұңқарға қарашы, Неткен шаттық, жазылар жан жарасы!
* * * Жаңғырған Ацута храмы
Жүгінен өткен жылдар тазаланып Жарқырап шыға келді айна жарық. Ақшақар өрнек салды шатырға шығып алып
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOW1MMlkxTDAxaGRITjFiMEpoYzNsdlUyVnBhMkV1YW5Cbkx6SXdNSEI0TFUxaGRITjFiMEpoYzNsdlUyVnBhMkV1YW5Cbi5qcGc=.jpg)
* * * Қаншама қар жауыпты қарашы! Хаконэнің асуында жол шегер, Сонда дағы бұл адамзат баласы
* * * Қағаз көйлек қу тәніме іліп ап, Қонақ болам – ақшақарға назар сап - Бар әжімім тегістелер сол сәтте – ақ!
* * * Қане , достар! Жаңа жауған ақшақарды аралап, Серуендейік, талғанынша қос аяқ!
Дереккөздер
- Бреславец Т. И. Поэзия Мацуо Басё. М., 1981.-152 с
- Өлеңді аударған: Ermahan Kalmurzaev. https://www.facebook.com/photo/?fbid=4522685154512733&set=a.328152557299368