Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани (1906 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы — 02.05.1997, Алматы) — геолог ғалым, тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1946), профессор (1968), ҚР Ұлттық ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және академияның корреспондент мүшесі (1946), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1966).
Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани | |
Ақжан Жақсыбекұлы Машанов | |
Туған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | Қазақстан |
Ұлты | |
Қызметі | ғалым |
Әкесі | Жақсыбек |
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан.
Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, мектебін құрушы; жазушы. Қазақ тау-кен металлургия институты (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1939). КСРО ҰА-ның Қазақстан бөлімшесінде (1939 — 43), Геология ғылымдары институты (1943 — 46), Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі ҚазҰПУ) (1946 — 50), Қазақ политехникалық институты (қазіргі ҚазҰТУ) (1950 — 88) ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми бағыты геомеханиканың құрылымы — кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия, оптика, механика, химия, геохимия, , география, геология, технология тәрізді пәндердің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомеханика заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады. Сөйтіп, өз алдына дербес ғылым саласының ортақ өзегін іздеу барысында Эйлер теориясы жаңғыртатын жаңалық жасады.
Ол |тау-кен өндірісінде геомеханика заңдарын іс жүзінде қолдана отырып, бір-біріне қарама-қарсы екі мәселені шешуді мақсат етті:
- тау жыныстарының кернеулі-деформация күйінің теориясы негізін анықтау;
- тау-кен жұмыстары кезінде күрделі кен қазбаларының, жер бетінің орнықтылығын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау.
Осы мәселелерді біріктіре шешу — тау жыныстарының жер қойнауындағы жай-күйін, құрылымдық ерекшеліктерін және беріктілік қасиеттерін зерттеуге негізделген. Жер астындағы кеннің геол. құрылымын анықтау үшін алғаш рет әдісін қолдана отырып, Ақбастау — Құсмұрын кен өрісін ашқан. Қазақстанда геомеханика мектебін құруға және соғыс жылдарында П.А. Рыжовпен бірге Лениногор, Зырьян, Торғай, Жезқазған, Қаратау кен орындарын ашуға қатысты. М. геология, тау-кен ісі, маркшейдерия ғылымдарының мемл. тілде дамуына ерекше көңіл бөліп, қазақ тілінде оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Жаратылыстану ғылымдарындағы ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, гуманитарлық мазмұн-сипатта дамытуда көп іс атқарды. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің ғыл.-көпшілік, фантастик. жанрларына да үлес қосты. Оның “Жер астына саяхат” атты кітабы көптеген оқырмандардың геолог, тау-кен мамандықтарына деген қызығушылығын оятты. Әбу Наср әл-Фарабидің Дамаскідегі (Сирия) Баб ас-Сағир қорымынан қабірін тауып, құлпытас орнатуға ат салысқан. Ол әл-Фараби мұрасын ислам дінімен және қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде фарабитанудың негізін салушылардың бірі ретінде де кеңінен танылды. “Әл-Фараби” тарихи романында оның көркем бейнесін сомдады, ал “әл-Фараби және Абай” еңбегінде екі ғұлама арасындағы ғыл. және рухани байланыстар мәселесін зерделеді. мәдени мұраларын, ғылым тарихын, зерттеуде де көп тер төккен. 1984 ж. Кувейтте шығатын “әл-ұараб” мерзімдік басылымында “әл-Машани” бүркеншік атымен өзінің зерттеулерін жариялады. М. 350-ден астам ғыл. еңбек, оның ішінде 9 монографияны жазған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Ақжан әл-Машани атында
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Жаратылыстану институтына әл-Машани аты берілген, университетте әл-Машани мұраларын зерттейтін орталық және ғалымның есімі берілген аудитория бар.
Еңбектері
- Как образовались горы, А., 1939;
- Геометрические методы изучения структуры рудных полей, А.-А., 1946;
- Жер сілкінісі, А., 1949;
- Жер құрылымы, А., 1949;
- Терминологический русско-казахский словарь/геология, горное дело и металлургия, А.-А., 1950;
- Жер астына саяхат, А., 1957;
- Механика массива горных пород, А., 1961;
- Кристаллография, минерология және петрография, А., 1969;
- Әл-Фараби, А., 1971;
- Космология Аль-Фараби, А., 1971;
- Основы горной механики, А., 1972; ұ
- Ғажайып от ошағында, А., 1978;
- Основы геомеханики скально-трещиноватых пород, А., 1985;
- Геомеханика, А:, 1994;
- Әл-Фараби және Абай, А:, 1994;
- Ай арысы, А., 1996;
- Космос және космология, А., 1999;
- әл-Фараби және бүгінгі ғылым, А., 2004.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |