Мезодерма (мезо... және грек. derma — тері) — көп клеткалы жануарлар (губка мен ішекқуыстылардан басқа) мен адамның ортаңғы ұрық қабаты. Гаструла сатысында мезодерма сыртқы ұрық қабаты эктодерма мен ішкі ұрық қабаты энтодерманың арасында орналасады. Алғашқы ауыздыларда мезодерма, эктодерма мен қабаты аралығында жетілген клеткалардан — телобластан дамиды. Бұл клеткалардан дене паренхимасы (төмендегі сатыдағы құрттарда) және ұрықтың мезодермасы (жоғары сатыдағы омыртқасыздарда) пайда болады. Тікентерілілерде, бассүйексіздерде, дөңгелекауыздыларда, балықтармен, қосмекенділерде мезодерма алғашқы ішектің ішкі қабатынан жетіледі. Бауырымен , құстарда, сүтқоректілерде мезодерма бластула сатысында ұрықтың эктодерма қабатынан жетіледі. Жалпақ құрттар мен немертиндерде мезодермадан дәнекер тін, буылтық құрттар мен буынаяқтыларда екінші дене қуысы — целом және жұп дамиды. Сомиттің арқа бөлігін , бүйір бөлігін деп атайды. Эписомиттен склеротом, дерматом, миотом бөлімдері жетіледі. Склеротомнан омыртқа жотасы, дәнекер тін, дерматомнан тері дәнекер тіні, миотомнан дененің қаңқа бұлшық еті пайда болады. Гипосомиттен целом қабырғасынан басталатын бірыңғай салалы бұлшық еттер, нефриттен зәр шығару органдары, ішкі органдар жетілетін спланхнотом бөлімдері дамиды. Ең үлкен бөлімі — , ол ішкі , сыртқы қабаттан құралған. Бұлардың түйісуінен мезодерма қапшығы, яғни екінші дене қуысы целом пайда болады. Бұл қуыста ішкі органдар орналасады. Спланхтом эпитемитінен жыныс бездері жетіледі.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, , II том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер