Мейірхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин 1956 жылы 1 шілдеде Жамбыл облысы Талас ауданының Алакөл ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Сатыбалдин Әбілқайыр, марқұм. Анасы - Тілеуүмбетқызы Ұрымша, марқұм. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1980) «құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1973 жылдан - Жамбыл облысы Талас ауданының БЖСМ тренері. 1974 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тыңдаушысы, 1975 жылдан - студенті. 1980 жылдан - Жамбыл қаласы прокуратурасының тергеушілігіне тәжірибеден өтуші. 1981 жылдан - Жамбыл облысы Қаратау қаласы прокуроры көмекшілігіне тәжірибеден өтуші. 1982 жылдан -Жамбыл облысы Қаратау (қала) прокуратурасының аға тергеушісі, 1984 жылдың сәуірінен - Жамбыл облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің прокуроры. 1984 жылдың мамырынан - Жамбыл облысы прокурорының жалпы бақылау жөніндегі көмекшісі. 1988 жылдан - Жамбыл облысы прокуратурасы тергеу басқармасының прокуроры, 1989 жылдан - аға прокуроры. 1992 жылдан - Жамбыл облысы прокуратурасы жалпы бақылау бөлімінің бастығы. 1993 жылдан - Жамбыл қаласы прокурорының көмекшісі, 1994 жылдан - прокурордың аға көмекшісі, 1995 жылдан - прокурордың орынбасары. 1996 жылдан - Жамбыл облысы Шу ауданының прокуроры. 1997 жылдың сәуірінен - Жамбыл облысы Шу ауданаралық прокурорының м.а., 1996 жылдың маусымынан - прокуроры. 1998 жылдан - Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, 2001 жылдан - прокурордың бірінші орынбасары. 2006 жылдан - Түркістан облысы прокурорының орынбасары. 2008 жылдың қаңтарынан бері - Түркістан облысы Кедендік бақылау департаментінің бастығы. «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2005) медалімен; ҚР қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2-ші (2009) және 1-ші (2010) дәрежелі «Кеден органдарындағы үздік қызметі үшін» белгісімен марапатталған. Әскери атағы - . Діни көзқарасы - барлық діндерге құрметпен қарау. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан экономикалық тұрақты дамыған жоғары технологиялы мемлекеттердің біріне болады». Хоббиі - кітап оқу, футбол, белсенді демалыс. Сүйіп оқитын әдебиеті - психология, философия, мерзімді басылымдар. Үйленген. Жұбайы - Мақұлова Венера Төлөгенқызы, нотариус. ¥лдары - Әбілқайыров Рүстем Мейірханұлы; Мейірхан Мәрлен; қызы - Сатыбалдина Жанерке Мейірханқызы.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер