Мирабилит, (лат. mіrabіlіs – ғажап) – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы: Na24*102O. сингонияда кристалданады. Жеке кристалдары призма, баған, қалақша, ине тәрізді. Кристалдық агрегаттары ұсақ түйірлі, топырақ секілді масса, түрінде кездеседі. Мирабилит мөлдір, түссіз, сұр, ақ, көгілдір, сарғыш болып келеді. Шыныдай жылтыр. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1,5 – 2, тығыздығы 1480 кг/м3. Дәмі күйдіргі ащы], құрғақ ауада ақ ұнтаққа, кейін тенардитке айналады. Ол тенардит, гипс, галитпен бірге кездеседі. Мирабилит сода өндіруге, шыны мен бояудың кейбір түрлерін, медицина мен ветеринария дәрі - дәрмектерін жасауда қолданылады. Қазақстанда Солтүстік Каспий, Арал теңізі маңындағы, Теңіз бен Сарыарқадағы кейбір тұзды көлдерде кездеседі.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHpMek00TDFSb1pXNWhjbVJwZEdVdFRXbHlZV0pwYkdsMFpTMHhNVGsyT0RFdWFuQm5Mekl5TUhCNExWUm9aVzVoY21ScGRHVXRUV2x5WVdKcGJHbDBaUzB4TVRrMk9ERXVhbkJuLmpwZw==.jpg)
Сілтемелер
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 6 том
- Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер