Мирза Шафи Вазех (1796, Әзірбайжан, — 28.11.1852, Грузия, Тбилиси) — Әзірбайжан ақыны, ағартушы. Медреседе оқыған. Өлеңдерін ғазал, мухаммас, рубаи, мәснәуи үлгілерімен жазған. 1840 жылдан Тбилисиде Әзірбайжан және парсы тілдерінен сабақ берген. , , дос болған. “Даналық ұясы” атты үйірме ашқан. Вазех шығармалары жеке адамның бас бостандығы үшін күреске үндейді, достықты, махаббатты жырлайды. Неміс ақыны, саяхатшы Ф. Боденштедт Вазех өлеңдерін “Шығыста өткен мың бір түн” (1850) атты еңбегіне енгізген. Соңынан “Мирза Шафи жырлары” (1881) деген атпен жеке кітап етіп бастырды, кейін бұл көптеген Еуропа тілдеріне аударылды. Вазех туындыларын орыс тіліне бірінші рет Н.И. Эйферт (1880, 1903) аударған. Вазех Әзірбайжан поэзиясының тұңғыш хрестоматиясын, И. Григорьевпен бірге “Татарша — орысша сөздік” құрастырған.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, , II том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — Әзербайжан туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер