Михаил Юрьевич Юрченко — КСРО-лық және қазақстандық боксшы. 1996 жылғы Олимпиадаға қатысқан.
Өмірбаяны
1970 жылы 20 маусымда Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе ауылында туған. Орыс. Анасы - Юрченко Апевтина Степановна, зейнеткер, педагог болып жұмыс істеген, ағарту ісінің озаты. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын (1992), жаттықтырушы-оқытушы; әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (2002), заңгер-құқықтанушы. Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін біледі. 1989 жылдан - ӘОСК-да жумыс істеген.
1997 жылдан - Алматы қаласы ≪Лотто≫ спорт кпубының президенті. 1999 жылдан - Әуесқой бокс федерациясының президенті (Алматы қаласы). 2009 жылдан бері - ≪Алматы қаласының бокс федерациясы≫ ЗТБ бірінші вице-президенті.
Жетістіктері
- Бүкілодақтық жасөспірімдер ойындарының (1988)
- КСРО жастар біріншілігінің жеңімпазы (1989)
- КСРО Кубогының жүлдегері (Подольск, 1989)
- КСРО Чемпионатының финалшысы (Луцк, 1990)
- КСРО Халықтарының X жазғы Спартакиадасының қола жүлдегері (Минск, 1991)
- Халықаралық турнирлер жеңімпазы (Алматы, Свердловск); бокстан 4 мәрте КСРО чемпионы
- Бокстан әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионы (1992)
Жеке өмірі
Сүйіп оқитын әдебиеті - деректі, тарихи әдебиеттер. Үйленген. Жұбайы - Юрченко Марина Анатольевна, мейрамхана иесі. Қыздары - Олеся, Арина; ұлдары - Владислав, Богдан.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер