Младен Петрич (xорв. Mladen Petrić; 1 қаңтар 1981, маңындағы Дубров аулында, Босния және Герцеговина) — хорватиялыөқ футболшы, шабуылшы. Хорватия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Младен Петрич | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 184 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы | 81 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция | шабуылшы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | карьерасын аяқтады | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Карьерасы
Клубтық
Петрич Хорватияда дүниеге келгенімен, 90-жылдардағы тынышсыздықтан соң отбасы Швейцарияға қоныс аударды да, сол жақта доп тебуді үйренді. 1998 жылы "Баден" клубымен тұңғыш кәсіби келісім шартын жасасты. 1999 жылы "Грассхопперге" ауысты. "Грасхопперде" бес маусым ойнады. 2004 жылы елдегі ең үздік ұжым "Базельге" ауысты. "Базель" мен "Грассхоппер" елдегі бітіспес қарсыластар болғандықтан, футболшының бұл қадамын цюрихтік жанкүйерлер дұрыс қабылдаған жоқ.
"Базельге" барған алғашқы маусымда (2005/06) 31 кездесуде 15 гол соқты. Клуб УЕФА Кубогының 1/4 финалына шықты да, Петрич 12 матчқа түгел қатысты.
2006 жылы 23 қарашада УЕФА кубогында "Нансимен" ойында "Базельдің" қақпашысы Франко Костанцо алаңнан қуылады да, қақпасына пенальти белгіленеді. Ойыншы алмастыру мүмкіндіктерін түгел пайдаланып қойғандықтан, қақпаға Петрич тұрады да, пенальтиді қайтарады.
Ұлттық құрама
Хорватия құрамасына 2001 жылы шақырылды. 2008 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Командалық
- Швейцария чемпионы: 2001, 2003
- Швейцария чемпионы: 2005
- Швейцария кубогы: 2007
- Грекия кубогы: 2014
Жеке
- Швейцария чемпионатының үздік мергені: 2007 (19 доп)
Дереккөздер
Сілтемелер
- Ресми сайты 8 қыркүйектің 2019 жылы. (ағыл.)
- Профиль (FootballDatabase.com) (ағыл.)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер