Монго (монго-нкундо) — Конго Демократиялық Республикасыдағы көптеген тайпалық топтардан құралған халық. Монгоның көпшілігі Конго өзені бойындағы тропиктік қалың ормандар арасында, бір бөлігі қалаларда тұрады. Халық саны 2,5 миллионнан 5 миллионға дейін. (2010, бағалау).
Монго | |
монго-нкундо | |
![]() | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
2,5 - 5 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
| |
Діні | |
христиандық, дәстүрлі сенімдер. |
Тілі
- банту тілдерінің орталық тобына жатады. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.
Діні
Монгоның едәуір бөлігі христиандар (католиктер). Тропиктік ормандардың түкпірлерінде тұратын монгода алғашқы қауымдық құрылыстардың элементтері мен ата-баба аруағына, тәңірлерге т.б. табыну салты сақталған.
Кәсібі
Негізгі дәстүрлі кәсібі - кетпенмен жер өңдеу, қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, маниок). Ішінара аңшылық, балық аулау, терушілікпен айналысады. Монгоның бір бөлігі май пальмалары мен кофе плантацияларында, сондай-ақ қалалардағы ауыл шаруашылық шикізатын өңдейтін кәсіпорындарда жұмыс істейді. Олар өзен бойында делдалдық саудамен айналысты (құлдар, піл сүйегі, ангула ағашының ұнтағы – гигиеналық және косметикалық өнім).
Өмір салты
Ішкі аймақтарда рулық жүйенің элементтері сақталған. Дәстүрлі қоғамдық ұйым – көсемдік. Этука деп аталатын, ата-бабадан тарайтын жиырмадан қырыққа дейінгі мүшеден тұратын бірлескен отбасылық шаруашылыққа негізделген.
Дәстүрлі елді мекендері сақина тәрізді қоныстар, тұрғын үйлері - конустық төбесі бар дөңгелек пішінді үйшіктер.
Дәстүрлі киімі - жамбасты жауып тұратын мата.
Негізгі тағамы - тұздық қосылған ботқа, отқа қуырылған ет.
Халық ауыз әдебиеті бай - жануарлар туралы ертегілер, мақал-мәтелдер, Иньянья батыр баба туралы эпос, т.б.
Дереккөздер
- Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том
- Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2226376
- Значение слова МОНГО в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2019185.html
- Современная энциклопедия - монго http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/mongo
- Народы и культуры Монго https://travel-journal.ru/ethno/40/1032/
- народы мира / Монго http://www.etnolog.ru/people.php?id=MONG
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер