Мыс қосылыстары– мыс элементі түзетін химиялық қосылыстар.
Мыстың бір және екі валентті қосылыстары.
Мыс қосылыстарында бір және екі валентті. Мыстың бір валентті қосылыстарына Cu2О, CuОН, СuCl, Cu2S жатады. Мыс (І) оксиді Cu2О – қызыл түсті кристалл, балқу t 1240ӘC, суда ерімейді. Табиғатта түрінде кездеседі. Сu-ды аз мөлшердегі оттек қатысында қақтау, CuО-мен мыс қоспасын қыздыру, т.б. әдістер арқылы алады. өндірісінде, шыны, керамика, глазурь үшін ретінде қолданылады. Жанама жолмен алынған мыс (І) гидроксиді CuОН – суда ерімейтін зат. Ол аммиакпен [Cu(NH3)2]ОН кешенді қосылыс түзеді. Мыс (І) хлориді, СuCl – балқу t 450ӘС, қайнау t 1212ӘС, салқын суда нашар (ыстық суда гидролизденеді) ериді, концентрлі тұз қышқылы мен жақсы ериді. Оны CuSO4 және NaCl-дың қаныққан ерітінділерінің қоспасынан SO2 жіберу арқылы, мысты CuCl2 немесе НСl-мен ауада әрекеттестіру арқылы алады. Ацетиленді тазалауда және органикалық синтезде катализатор ретінде, т.б. қолданылады. Мыс (І) сульфиді Сu2S – қара түсті кристалл, балқу t 1130ӘС, суда, спиртте ерімейді. Табиғатта түрінде кездеседі.
Қолданылуы.
Мыс алуда негізгі шикізат ретінде қолданылады. Екі валентті мыс қосылыстарының кең таралғандары СuО, Cu(OH)2, CuSO4, СuCl2. Мыс (ІІ) оксиді CuO – қара түсті кристалл, 1026ӘС-та ыдырайды, суда, спиртте ерімейді. Табиғатта тенорит минералы түрінде кездеседі. Мыс ұнтақтарын ауада ұзақ қақтау арқылы алады. Шыны, керамика пигменті, ретінде, гальванотехникада электролиттер дайындау үшін қолданылады. Мыс (ІІ) Cu(ОН)2 – көгілдір-жасыл кристалды немесе аморфты зат, суда ерімейді. Қыздырғанда ыдырайды. Оны сулы ерітіндіде мыстың тұздарын сілтілермен әрекеттестіру арқылы алады. Шыны, эмаль, глазурь пигменті, мыстың тұздарын алу, т.б. мақсаттарда пайдаланылады. Мыс сульфаты CuSO4 – кристалл; суда, сулы-спирт ерітінділерінде ериді, 258ӘС-та сусызданады, көк кристалл ( – CuSO45Н2О) түзіледі. Табиғатта халькантит (пентагидрат) түрінде кездеседі. Сu, CuO немесе CuOH2-ні Н2SО4-пен әрекеттестіру арқылы, Сu2S немесе СuS-ті О2 қатысында күйдіру арқылы алады. Ол тері өңдеуде, аккумуляторға электролит ретінде, бояу пигментін, дәрілік заттар дайындауда қолданылады. Мыс (ІІ) хлориді CuCl2 – қоңыр сары түсті кристалл, балқу t 596С, суда, спиртте, ацетонда ериді. Оны CuO немесе СuСO3-ті тұз қышқылымен әрекеттестіру арқылы, т.б. әдістермен алады. Ол металдарды мыстау үшін, ,, органикалық тотығу-тотықсыздану реакцияларында катализатор ретінде қолданылады. Бұлардан басқа мыс нитратының Cu(NO3)26H2O, Cu CO3Cu(OH)2, мыс ацетатының моногидраты Cu(СН3СОO)2Н2О сияқты тұздары бар. Мыс тұздарының барлығы улы, сондықтан мыстан жасалған ыдыстардың барлығын қалайылайды.
Сілтемелер
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — химия бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |