Сарықұйрық немесе Мысыр құтаны (лат. Bubulcus ibis) - тропиктер және субтропиктер тұрғыны, бір ғана туыстың (Сарықұйрық құтандар туысы - лат. Bubulcus) жалғыз өкілі.
Мысыр құтаны | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Breeding-plumaged adult of | ||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Bubulcus ibis (Linnaeus, ) | ||||||||||||||
![]() Range of B. ibis | ||||||||||||||
B. i. ibis (Linnaeus, ) | ||||||||||||||
Ardea ibis Linnaeus, 1758 |
Биологиялық сипаттама
Лимон түстес сары тұмсығы бар кішкене (тұрқы - 50 см шамасында) әдемі құтан. Күйттік жасану кезінде басында, төсінде және арқа бөлігінде қызыл қошқыл түсті ұзарып тарқатылған безендіруші қауырсындар пайда болады. Батпақты жерлерде өмір сүреді, дегенмен ірі тұяқты жануарлардың қатысына тәуелді. Тек қана бунақденелілермен қоректенеді десе де болады. Жайылған жануарлардан үріккен шегіртке тұқымдастарды көбінесе ерекше аулайды. Бұдан басқа, ұйысқан жүннің арасындағы әр алуан бунақденелілерді және кенелерді қопарыстырып, сиырдың және енекелердің (буйвол) арқасына қонақтауды ұнатады.
Таралуы
Біздің елде өте сирек кездеседі. Қазақстанда тек қана Каспий маңына ұшып өткенде кездеседі, алайда біздің шекараға тікелей таяу Еділдің сағасында ұялайды. Соңғы онжылдықта Ескі Дүниенің тропиктері мен субтропиктері бойынша күшті таралып мекендеуде, сондай-ақ Америкаға еніп, онда да таралып орнығуда.
Дереккөздер
- Bubulcus ibis. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010