Мұзбел – Ұлытау тау жүйесінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.
Мұзбел тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы | 15 км |
Ені | 4 км |
Биіктігі | 410 м |
Орналасуы | |
47°44′36″ с. е. 68°35′51″ ш. б. / 47.74333° с. е. 68.59750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°44′36″ с. е. 68°35′51″ ш. б. / 47.74333° с. е. 68.59750° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылының оңтүстігінде 12 км жерде.
Жер бедері
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Маңдайқақ және Сарысу өзендері аңғарлары арасында 15 км-ге созылып жатыр, ені 4 км. Абсолюттік биіктігі 410 м. Беткейлері жайдақтау тегіс келген ұсақ шоқылы жотадан тұрады.
Геологиялық құрылымы
Девон жүйесінің төменгі бөлігі жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, көкпек, бұйырғын, бұталар еседі. Мал жайылымдығына пайдаланылады.
Дереккөздер
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5