Мұнай геохимиясы - мұнай геологиясының практикалық мәселелерді шешуге арналған айналысатын тарауы; мұнай геохимиясы мұнайдың бастамасы болатын органикалық заттың өзгеру жолдарын, сейілген көмірсутектердің жатынға аккумуляциялануын және мұнайдың әр түрлі геологиялық факторлар әрекетінен әрі қарайғы өзгерулерін зерттейді.
Сонымен қатар, Мұнай геохимиясы мұнайдың керогенде пайда болып, ұзақ уақыт бойы жоғары температура мен қысымда крогеннен резервуарға шығу жолдарын,сондай-ақ миграция салдарын және жыныстың не керогеннің мұнай шығаруға қабілеттілігін де зерттейді. Кероген- жыныстардағы органикалық заттардың бір бөлігін құрайтын органикалық химиялық қосылыстардың қоспасы. Оның құрамдық қосылыстарының орасан зор салмағы 1,000 дальтон) болғандықтан кероген кәдімгі органикалық еріткіштерде ерімейді. Керогеннің еритін бөлігі- битумен деп аталады. Керогеннің мұнай мен газ шығаруға қабілеттілігін керогеннің пісіп жетілуі немесе матурациясы деп атаймыз.Қазіргі заманда керогеннің пісіп жетілуін өлшеуге арналған мынадай әдістер бар
- Витринайт шағылысы(Vitrinite reflectance)
- Спораның түстік индексі(Spore Colour Index or TAI)
- Рок-Иваль пиролизі( Rock-Eval pyrolisis or Tmax)
- Сұйықтық көмірсутек мөлшері( Liquid Hydrocarbon signature)
- Байомаркерлер(Biomarkers)
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — геология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |