Мұхаббатнама
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHhMekV4THpFNU9ETmZRMUJCWHpVME1qWmZKVEk0TVNVeU9TNXdibWN2TWpJd2NIZ3RNVGs0TTE5RFVFRmZOVFF5Tmw4bE1qZ3hKVEk1TG5CdVp3PT0ucG5n.png)
МҰХАББАТНАМА – жазба ескерткіш. Еңбек 1353 жылы Сыр бойында жазылған, авторы Хорезми. Туынды 473 бәйіттен (946 ) тұрады: 156 бәйіті (312 тармақ) парсыша, 317 бәйіті (634 тармағы) қыпшақ-оғыз тілдерінде жазылған. Біздің заманымызға “Мұхаббатнаманың” екі жеткен: бірі-араб (1508-1509), екіншісі-ұйғыр (1432) жазуымен жазылған. Екеуінің де түпнұсқасы Лондонның Британ музейінде сақтаулы. Сонымен қатар, 1971 жылы Стамбұл кітапханасынан екі көшірмесі табылды. Бұл көшірмелер жырдың толық нұсқасы емес, жеке үзінділері ғана. Дастанды (1924), (1928), , т.б. ғалымдар зерттеп, орыс тіліне аударды. “Мұхаббатнама” 1954 жылы орыс тілінде (), 1985 жылы қазақ тілінде (А.Қыраубайқызы) басылды. Дастанда атына дәріптеу, сөздері айтылғанымен, тұтастай махаббат тақырыбын жырлауға арналған хаттар жинағы деуге болады. Еңбекте бүгінге дейін құнын жоймаған алуан түрлі философиялық, эстетикалық ойлар мен бейнелі көріністер орын алған. Жырда сопылық поэзияға тән-жар, отқа ұмтылған көбелек, теңіз бен , бұлбұл, т.б. астарлы мәні бар ұғымдар кездеседі. “Пақырлықта азға қанағат ете білсең, Сонда өзіңе шаһ һәм әмірсің” немесе “Өтті өмір құмарлықпен өзіңе, қанша жүзбек адам дария ішінде” секілді сопылық таным аясындағы түйіндердің молдығы шығарманың орта ғасырдағы түркі жазба жәдігерліктері арасында шоқтығы тұрғандығын танытады.
Сілтемелер
Сыртқы сілтемелер
Бейсембай Кенжебайұлы(қолжетпейтін сілтеме)
Дереккөздер
1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том.
Толықтыру
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |