Мұғалжар маңы артезиан алабы (Примугалжарский артезианский бассейн) — орналасқан алап.
Жалпы мәліметтер
Солтүстік шеті Оралдың оңтүстігінен басталып, Үстіртке дейін жетеді. Батысында Каспий ойпатымен, шығысы мен оңтүстік-шығысында Мұғалжар-Шошқакөлмен шектелген. Суы құмды қабаттарына жиналған. Солтүстікте, шығыста және антиклиналдық көтерілімдер аумағында бұлардың жалпы қалыңдығы 20 – 50 м-ге, оңтүстік-батыста 150 – 180 м-ге жетеді. Су алаптың оңтүмтік бөлігінде 50 – 250 м, оңтүстігінде 500 – 600 м тереңдікте кездеседі және минералдылығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 0,3 –1,5 г/л-ден 1 – 3,5 г/л-ге дейін артады. Ұңғымалардың су шығымы тәулігіне 400 – 1200 м3-ден 2000 – 3500 м3-ге дейінгі шамада. Ғасырлық қоры 700 млрд. м3-ден астам, жыл сайын орны толатын қоры 300 млн. м3-дей. Бұл шама жыл сайын 2 – 2,5 млрд. м3-ге дейін суды пайдалануға мүмкіндік береді. Алап суы негізінен ауыл шаруашылығында пайдаланылады.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , X том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер