Мұғалжар Мыс Кенді Белдеуі– Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында орналасқан кенді өңір. Мұғалжар атырабында көптеген мыс кентастар белгілерінің бар екендігі ертеден белгілі. Аралша, Авангард, т.б. мыс-колчеданды кентастар кендерінің ашылуы Мұғалжарды жаңа мысты аймақ қатарына жатқызды. Ең басты кендер негізінен белдемінің (Оралдың бас мыс-колчедан белдеуі) оңт. жалғасы саналатын жасыл тасты синклинорийлік белдемнің солт-нде орналасқан. Колчедандық кендер мен кентастар белгілері, базальтоидтық вулканизмнің бастапқы сатылары кеңінен тараған және олардың әр түрлі жыныстары бір-бірінен күрт өзгеше келетін немесе тетелес жіктелген формациялар құрайтын геосинклинальдық ойпаңдарда (синклинорийлерде) орналасқан. Жанартаутектік формациялар ішіндегі кендер субмеридиандық және көлденең жарылыстар белдемдерінің қиылысқан немесе бір-біріне түйіскен жеке телімдерінде (кентас түйіндерінде) шоғырланған. Мұндай түйіндер вулканиттердің көмейлік және субжанартаулық фациялардың дамуымен сипатталады. Синклинорийлік кұрылымдардың геотектоник. дамуымен байланысты эффузиялық магматизмнің солт-тен оңт-ке, батыстан шығысқа қарай жылжуы силурдан ( белдемі) карбонға (Ырғыз белдемі) дейін, жасы әр түрлі колчедандық кендердің пайда болуына қолайлы жағдай жасады. Колчедандық кентас жаралуымен тығыз байланысты аймақтық жасыл тастық метаморфизм күшінің төмендеуі де осы бағытта байқалады. Осы белдемді солт-ке қарай Ортаңғы Ор, Біршоғыр, белдемін , Қосестек, Қарғалы, Ырғыз белдемін , Бақсай сияқты кенді аудандарға бөлуге болады.
Дереккөздер
“Қазақ энциклопедиясы – VI том”
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер