Мұғалжар Сирек Металдар Белдеуі–Ақтөбе облысының Мұғалжар тауындағы сирек металдардың кендері орналасқан алқап. Сирек металдардың кентастануы негізінен кембрийге дейінгі метаморфтық кешендерінен (гнейс, амфиболит, кристалдық тақтатас) кұралған және Шығыс Мұғалжар металлогендік белдемінде шоғырланған. Мұнда кембрийге дейінгі ультраметаморфизмімен палеозойдың орогендік граниттік магматизмімен байланысты мигматиттер, граниттік гнейстер, граниттер кең тараған. Сирек жер элементтерінің акцессорлық кентастануы (монацит, циркон, рутил, т.б.) кембрийге дейінгі гранитоидтармен бір кеңістікте топтасқан. Бұл кентастанудан қорымды кендер, кентас белгілері қалыптасады. Бұлардың ішінде герциннің екі сатылы гранитоидтық магматизмімен генетик. байланыста болатын сирек металл және сирек жер элементтерінің кентастануы ерекше орын алады. Лейкократтық граниттердің ірі батолит интрузиялары герцин магматизмінің бірінші сатысымен байланыста келеді. Молибден-вольфрам-висмут кентастануы (, Ақпан, Борлы, т.б.) осы интрузияларда орналасқан. Сирек металл кентастануының пегматиттік және пневматолиттік-гидротермальдық типтері бар. Ырғыз бойының сирек металды пегматиттері танталит-колумбиттік формацияға жатады. Пегматитті алаңдар Талдысай массивінің граниттерімен қиылған, амфиболиттер мен гнейстерден құралған антиклинальдық құрылымдарда орналасқан. Пневматолиттік-гидротермальдық тип грейзендік (Шығыс), альбититтік (, Әйке, , т.б.), циркон-монациттік (Шідер, , Белқопа), кварц-молибденит-серициттік кентасты формацияларды (, Қарабұлақ) біріктіреді.
Дереккөздер
“Қазақ энциклопедиясы – VI том”
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер