Мұғалжар шыны құмдарының кен орны – Батыс Мұғалжар бойында, Ор-Елек (Сакмара-Оралтау) көтерілімінің оңтүстік мен Ор ойпаңында кездесетін құмды алқап.
Геологиялық құрылымы
Құм кендері палеоген мен миоценнің континенттік шөгінділерінде шоғырланған. Ірілері – Батыс Мұғалжар алды ойпаңындағы Мұғалжар мен Айрық.
Жатыс сипаты, құрамы
Арасында саз қабатшалары мен линзалары бар ақ түсті кварц құмының қалыңдығы 25 м-ге жетеді. Құмдағы кварц түйірлерінің мөлшері 95%. Қоспа ретінде магнетит, лимонит, турмалин, хлорит, циркон, лейкоксен, кальцит кездеседі. Құмда 91,6 – 99,0% SіO2, 0,4% Fe2O3, 2,52% CaO, 0,26 – 3,72% Al2O3 + TіO2, 0,77% MgO бар. Қалыңдығы 4 – 4,5 м-ге жететін Айрық кенінің құмы жоғары эоцен жыныстарында ұшырасады. Ор-Елек көтеріліміндегі эоценмен жасты Қараағаш кенінің құмы жақсы іріктелген, құрамында 96,28% SіO2, 0,33% Fe2O3, 1,26% Al2O3 бар. Ор ойысындағы Мамыт кені эоценнің сексеуіл свитасы шөгінділерінде түзілген. Құмы сұр, ашық сары, ұсақ түйірлі; арасында каолин саздары мен кварцит линзалары болады. Бұл кеннің құрамында 96,3 – 97,3% SіO2, 0,33% Fe2O3, 1,28 – 1,50% Al2O3 бар. Аталған кендердің құрамы терезе шынысы мен шыны ыдыс жасауға жарамды.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы – VI том
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер