Мәжит Мұхамеджанұлы Шомбалов (20.4.1873, бұрынғы Ішкі Орда, Талап бөлімі, 1-старшындық ауылы – 1940, Орал облысы Казталов ауданы) – обаға қарсы күрескен алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, республикада дәріхана жүйесін қалыптастырудың негізін қалаушы.
- Қазан университетінің медициналық факультетін бітірген (1899).
- 1899 – 1903 жылдары Орда оба стансасында дәрігер
- 1903 – 17 жылдары Орда ауруханасының меңгерушісі болды.
- 1911 жылы И.И. Мечников басқарған экспедиция құрамында Қалмақ даласында оба індетін зерттеу жұмыстарына қатысты.
- Ол екі мәрте “Қырғыз даласының Нарын бөлігі мен оңтүстік округтердегі обамен күрестегі еңбегі үшін” арнайы күміс белгісімен марапатталған (1906, 1910).
- Азамат соғысының ауыр кезеңдеріне қарамастан, Бөкей губерниясында 370 төсектік, оның ішінде Ордада 100 төсектік аурухана ашты.
- 1923 – 29 жылдары Қазақстан денсаулық сақтау халкомының орынбасары, сонымен бірге Қырғыз АКСР Орталық Атқару комитетінің мүшесі және Бүкілресейлік қоғамының Қазақстандағы өкілі болып тағайындалды.
- 1929 – 38 жылдары Қазақтың респ. дәріхана басқармасының бастығы, біраз уақыт Орал қаласында обаға қарсы сттансаның меңгерушісі болды.
- Алматы қаласындағы 4-дәріхана Шомбаловтың есімімен аталады.
Дереккөздер
- Әлжанов А., Шокин Ә., Досаханов Ә., Алғашқы қазақ дәрігерлері, А., 1984.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер