Мәслихат – Талапты ауылдық округі аумағындағы көл.
Мәслихат көлі | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 260 м |
Өлшемі | 2,2 × 0,6 км |
Ауданы | 1,4 км² |
Орналасуы | |
42°51′41″ с. е. 68°12′39″ ш. б. / 42.86139° с. е. 68.21083° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°51′41″ с. е. 68°12′39″ ш. б. / 42.86139° с. е. 68.21083° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Түркістан облысы |
Аудан | Отырар ауданы |
Географиялық орны
Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылынан солтүстікке қарай 16 км жерде, Сырдарияның оң жағалаулық аңғарында, өзеннен 4 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы
Ұзындығы 2,2 км, енді жері 600 м, аумағы 1,4 км2. Жағалауы негізінен жайпақ, солтүстік жағалауы тіктеу келген. Көл табаны тегіс, лайлы. Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Солтүстігінде шағын келген Ащыкөл көлі жатыр. Мәслихаттың шығысын бойлай Сырдариядан бастау алып Күйікасар қонысына дейін канал (арық) тартылған. Көл жанынан Шәуілдірден Түркістан қаласына дейін автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер