Найза– жақын қашықтықта, бетбе-бет шайқаста түйреу мақсатында қолданылатын қарудың түрі. Ерте заманнан бері әлем халықтарының көпшілігі соғыс және аң аулау кезінде қолданған . Алғашқыда ұшы ұшталған таяқтан жасалды, бертін келе ұзындығы 1,5 – 2 м-ге дейін жететін ағаш сапқа тастан немесе сүйектен, металдан үшкір ұш орнатылған түрлері шықты. Найзаның ұзын сапты, екі басы үшкір, сауытты бұзуға арналған түрі – “” деп аталады. Сүңгілердің ұзындығы 3 – 3,5 м-ге дейін жетеді. Ерте замандарда көшпелі түркі халықтарында лақтыруға арналған қысқа Найзалар – “жылда” да болған. Ұшының қырлануына қарай Найза сегіз қырлы, төрт қырлы деген түрлерге бөлінген. Сынбас үшін сабын тарамыспен орап, темір шығыршықтармен бекітеді. Найзаға әр түрлі дәрежеде белгі ретінде қыл шашақтар, жалаулар таққан.
Сілтемелер
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
- Батырлар жыры, 6 т., А., 1990
- Худяков Ю.С., Вооружения средневековых кочевников Южной Сибири и Центральной Азии, Новосиб., 1986
- Кушкумбаев С.К., Военное дело казахов в XVІІ – XVІІІ вв., А., 2001.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер