Наурызым боксит кен орны - Қостанай облысында, Сарымойын кенінен солтүстікке қарай, Торғай ойысының орталық бөлігінде орналасқан.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelUyTDB0aGVtRnJhSE4wWVc1ZmNISnZkbWx1WTJWelgydDZMbk4yWnk4eU1qQndlQzFMWVhwaGEyaHpkR0Z1WDNCeWIzWnBibU5sYzE5cmVpNXpkbWN1Y0c1bi5wbmc=.png)
Геологиялық құрылымы
Кен орнында алюмосиликатты тау жыныстары дамып, аумағы борға дейінгі қатпарланған іргетас және көлбеу жатыстағы бор және кайнозой тау жыныстарынан құралған. Борға дейінгі іргетас эффузивті-шөгінді турин свитасымен (әктас, құмтас, алевролит, аргиллит, туффиттер), төменгі-ортаңғы триастық (базальт, долерит, кварцты порфир және алевролит, аргилит, құмтас, тақтатас) және оңтүстігінде көмірлік шөгінді юралық тау жыныстарынан тұрады. Іргетас тау жыныстары қалыңдығы 50 м мору қыртысымен жабылған. Оның жоғары бөлігі әр түрлі монтморилонитті және каолинитті саздардан құралған. Мору қыртысының үстінде қалыңдығы 30 – 80 м континентальды бокситтік альб және сеномен түзілімдері орналасқан. Одан жоғары эоцен-олигоцен (чеган свитасы) табақты саздар және төрттік көлді-аллювиальді шөгінділер дамыған. Альб-сеномен бокситті түзілімдер қимасы төрт горизонтқа бөлінеді.
Жатыс сипаты, құрамы
Кен орнының негізгі кенді шоғыры тоғыз кен денелерінен құралған. Олардың ең ірісі ғасыр 1 кен денесі барлық кеннің 90%-ын құрайды. Кен орнының бокситтерінің құрамында (39,88%), , (22,5%), (4,8%), (2,08%) болады. Негізгі кен құрайтын боксит минералдары: гиббсит және кен сыйыстырушы тау жыныстары (ванадий, хром, скандий, стронций, ниобий, т.б.).
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |