Жүзбеорганизм (грек nektos – жүзуші) - судың қалың қабатында ағысқа қарсы белсенді жүзетін организмдер жиынтығы. Өзендер мен көлдерде жүзбеорганизмдер негізінен балықтар. Теңіз экожүйелерінде құрамына балықтарға қоса сүтқоректілер (киттер, дельфиндер), ұлулар (кальмарлар), құстар (пингвиндер), қосмекенділер (тасбақалар) кіреді. Кәсіпшілік маңызы бар теңіз жануарларының көпшілігі жүзбеорганизмдерге жатады.
Нектондарға балықтар, кальмарлар, киттәрізділер, теңіз жыландары, сондай-ақ құрлықта көбейгенімен суда қоректенетін жануарлар (ескекаяқтылар, теңіз тасбақалары, , тағы басқа) жатады. Бұлардың денелері сүйір болады және қимыл-қозғалыс органдары жақсы жетілген. Мұхиттық Нектондар – эволюцияның даму барысында кейіннен пайда болған жануарлар. Мысалы, балықтар палеогенде, ал басаяқты мен сүтқоректілер неогенде қалыптаса бастады.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002 жыл.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VII том 2 бөлім
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер