Николай Лазаревич Бубличенко (9.10.1899, Украина, Харьков қаласы — 2.7.1990, Ресей, Санкт-Петербург) — ғалым, геология-минералдарының ғылыми докторы, профессор, (1940), Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1958), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961). Ленинград кен институтын бітірген (1924). 1924 — 39 жылы Геологялық комитеттің барлау экспедициясында аға коллектор, геолог болып Алтайда, Қаратауда және Балқаш аймағында жұмыс істеді. 1939 — 50 жылдары Қазақстан ҒА-нда геология секторының аға ғылыми қызметкері, 1951 — 69 жылдары Өскемен қаласындағы Алтай тау-кен металлургия институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі және директордың орынбасары. 1969 — 73 жылдары Қазақстан Геологиялық ғылымдар институтының Алтай бөлімінде ғылыми жетекші, 1973 — 82 жылы осы институтта ғылыми қызметкер және кеңесші болды. Негізгі ғылыми еңбектері , әсіресе, девонның стратиграфиясы мен палеонтологиясын зерттеуге арналған. Ол Қазақстанда төменгі, ортаңғы девон және жоғарғы силур шөгінділерінің бар екенін алғаш рет дәлелдеді. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдермен марапатталған.
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |