Нитроқосылыстар — молекуласындағы сутек атомы нитротопқа (-NО2) алмасқан көмірсутектердің туындылары. Нитроқосылыстарды азот қышқылындағы HО-NО2 гидроксил тобының орнын алкил немесе арил басқан қосылыстар деп қарастыруға да болады.
Нитроглицерин мен нитроцеллюлозаның құрамында да — NО2 тобы болғанымен, оларда азот атомы көміртекпен тікелей байланыспай, оттек атомы арқылы жалғасқан. Бұндай қосылыстар нитроқосылыстарға емес, азот қышқылының қүрделі эфирлеріне жатады.
Нитротоптың санына байланысты нитроқосылыстар — мононитро-, динитро- және полинитроқосылыстар болып бөлінеді. Нитротоп байланысқан көміртек атомына байланысты нитроқосылыстар біріншілік (а), екіншілік (ә), үшіншілік (б) және ароматты (в) болып бөлінеді:
Халықаралық номенклатура бойынша нитроқосылыстарды көмірсутектердің атына қосымша нитро- деген сөз қосу арқылы атайды. Өндірісте нитроқосылыстарды көмірсутектерді нитрлеп алады.
Дереккөздер
- Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер