Ноғайты – Сағыз алабындағы өзен.
Ноғайты өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 65 км |
Су алабының ауданы | 931 км² |
Су алабы | Сағыз өзені |
Бастауы | Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Ноғайты аулының шығысы |
• Координаттары | 48°24′11″ с. е. 55°15′24″ ш. б. / 48.40306° с. е. 55.25667° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Атырау облысындағы Сағыз өзенінің оң жағы |
• Координаттары | 48°13′21″ с. е. 54°50′20″ ш. б. / 48.22250° с. е. 54.83889° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°13′21″ с. е. 54°50′20″ ш. б. / 48.22250° с. е. 54.83889° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, Атырау облысы Қызылқоға ауданы |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 65 км, су жинайтын алабының аумағы 931 км².
Бастауы
Өзен бастауын Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Ноғайты аулының шығысынан алып, Сағыз темір жол стансасы тұсында Сағыз өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жер асты және жауын-шашын суымен толығады. Көктемде қар суымен оншақты күндей тасып, жазда қарасуларға бөлініп кетеді. Суы ащы. Алабы – мал жайылымы.
Дереккөздер
- Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011